Қазақша реферат: Қазақстан тарихы | Қорқыт Ата

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы......
Рефераттар
Толық
78,5 -44,5

Жан-жануарлар атаулары

Жануарлардың көне атаулары

Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Кеңестер
Толық
1 0

Ғибратты әңгіме: Бауыржан ағаға барғанда

Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты.
- Кел, қарағым.
Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді.
- Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім.
- Ассалаумағаликум, аға!
- Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды.
- Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз.
Мен үйреншікті орныма тез жайғастым.
- Денсаулығыңыз қалай, аға?
- Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ. Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша Тәрбие сағат: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі

Тәрбие сағат тақырыбы: Ибалы ұл, инабатты қызөмір көркі
Тәрбие сағат мақсаты:
а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Тәрбие сағат көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Тәрбие сағаттар
Толық
28,5 -15,5

Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (Ақжайлау мен Сандықтас)

Атамның қонған қонысы
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын қонысы.
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда.....
Өлеңдер
Толық
25 -15

Қазақша ертегі: Жалқау қоян

Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың.......
Ертегілер
Толық
0 0