Эссе: Асыл ана

Ана бұл – сен дүние есігін ашқанда бар мейірімімен қарсы алатын жан. Сені өмірінің соңына дейін бағып- қағып, өз бойындағы бар асылды сенің бойыңа құюға тырысатын жан. Сенің жан – жақты дамыған ойшыл, саналы адам болуыңа зор үлесін тигізетін жақын ұстазың. Сен ауырғанда оның жаны маза бермей, сен жылағанда жүрегі жылайтын жалғыз жан. Бұл өмірде әрине, бәрі уақытша, тек ананың шексіз махабатынан басқалары. Сені анаңнан артық тірі жан бұлай шексіз сүйе алмайды. Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.

Ана сенің жылағаныңа бей - жәй қарап отыра алмайды. Сенің болашағыңа алаңдап, өмірден көргенін өз баласына жеткізуге тырысады. Ананың табанының астында жұмақтың кілті жасырулы, сонда аяулы алақанында не жасырылған екен?Кім біліпті?! Әйел заты ең мейірімді, ең нәзік жан болғасын ана болу бақыты бұйырған. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Мұхтар Әуезовтың қайталанбас, асыл мұрасы

Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік әдебиет пен мәдениетке қымбат қазына қосқан, «сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін» әлемдік құбылыс, қазақ әдебиетінің шыңы саналатын, қазақ халқының ғасыр перзенттерінің бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Мұхтар Әуезовтың есімін атаған кезде ең алғаш Абай бейнесі, «Абай жолы» эпопеясы көз алдымызға келеді. ««Абай эпопеясы-творчествоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма» деген екен М. Луконин.

Шынында да, «Абай жолы» - М. Әуезовтің шығармашылық зор мұрасы, қазақ әдебиетінің мақтанышы, кезінде көпұлтты кеңес әдебиетінің ірі жетістігі саналған айтулы туынды. М. Әуезов осынау ұлы туындысын жазуға жан-жақты ұзақ даярлықпен келді, көптеген жылдар бойы Абай өмірі мен шығармашылығын сарыла зерттеді, шығармаларын жариялады, ақын туралы очерк, мақалалар, көлемді зерттеу еңбектер жазды.

Абай - эпопеяның бас кейіпкері. Өйткені, осынау төрт томдық ғажайып асыл рухани қазына ең әуелі Абайдай аяулы азаматқа, күрескерге, ұлы ақынға арналған, оның халықпен қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп соққан ұлы жүрегіне арналған рухани ескерткіш......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Отбасылық мерекелер (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Отбасылық мерекелер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.4.1.2 Отбасының әрбір мүшесі міндетінің маңыздылығын түсіну;
Сабақ мақсаттары: 2.4.6.3 Жанұялық дәстүрлерді құрмет тұту;
Оқушыларда үйлену тойы туралы түсінік қалыптасады. Ұлттық дәстүрге құрмет сезімдері қалыптасады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Абылайхан Асылбай

Абылайхан Асылбай - қолөнер шебері

1996 жылы Семей қаласындағы құрылыста краннан Абылайхан Асылбай есімді жұмысшы құлап кеткен екен. Көптеген жарақаттармен қатар омыртқасы зақымданған 34-жасар құрылысшы ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның енді ешқашан өз аяғын басып жүре алмайтынын айтады.

Қазір Абылайхан 53 жаста. Дәрігерлердің болжамына қарамастан мүгедектер арбасына таңылмаған. Өміріне шағым айтып, біреуді кінәлаған емес. Ол қазақ халқының көне өнерін қайта жаңғыртуда.
Дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ, кіреуке – бұл қазақ батырының жабдықтары. Осындай жабдықтар Абылайхан Асылбайдың шағын «мұражайында» көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, жеке үйдің бір бөлмесінде. Бұл бұйымдарды ол өз қолымен қарапайым қолда бар материалдардан жасап шығарады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0