Балғын тәтті тілегіңменен
Алға басып, ілгері келем
Күннің нұрлы ай сәулесінен
Өткен күннің іздерін көрем
Құшағыңды сағындым, ана
Жұбатады жанымды сан ән
Қасиетім, қорғаның ең маған
Әніммен де табынам саған
Бөбегіңнің құрып ұйқысын,
Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
Арман болсын балам дейтінсің.
Сұрағым көп өмірге мынау
Жанымда мұң, көңілде қырау
Бақыт нәрін сезген сәттерде
Қуат берген сенің демің-ау,- жан ана……аяулы ана, ардақты ана, бұл өмірде сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен? Жүзінен мейрімділік пен жылылық төгілген, адамзатқа
өмір сыйлаушы, перзентіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол
Ана.
Анамыз Салтанат Тоқмырзақызы 1923 жылы.....
Шығармалар