Реферат: ҚЫЗЫЛ КІТАП

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сені жүретінмін мақтан көріп)

Мен сені жүретінмін мақтан көріп,
қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып.
Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін,
жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің.
Аңқау да аңғал жансып жүретінсің,
сезімтал, сырды.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Азияның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы даму ерекшеліктері.
Сабақтың тақырыбы: Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті?
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.4. себеп-салдарлық байланыстарды аша отырып, социалистік шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау;
9.3.1.3. мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтау;
9.3.1.4. тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау;
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды ХХ ғасырдың екінші жартысындағы негізгі оқиғалармен таныстыру, өзгеруі мен сабақтастығын анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
3 -2

Ертегі: Айдаһар

Баяғы бір өткен заманда елге аты шыққан ақылды, батыр жігіт болыпты. Атағы бүкіл әлемге әйгілі екен. Күндердің күнінде сол жігіт үйленіп, торсықтай ұл сүйеді. Бірақ пешенесіне жазылғаны сол болар, ұлының қызығын көрмей, дүниеден ерте қайтады. Әйелі жалғыз баласымен жесір қалады. Қаншама қиыншылықтарды басынан өткізсе де ұлын басқа балалардан кем етпей бағып-қағады. Баласы әкесіне тартып ақылды, батыр жігіт болып өседі. Бір күні ол шешесіне:
— Ана, мен ел аралап, оқып, білім алайын, – деп сұранады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Мен сенемін!

Бұрын мен Отан, туған жер, Отанды сүю деген сөздердің мән-мағынасына көп көңіл бөле бермейтінмін. Анам: «Шіркін, қанатым болса ғой, туған ауылыма ұшып барып келетін»- деп тебіреніп айтып отырғанда, мен оны түсінбейтінмін. Бірақ өсе келе, өзім де алысқа кетсем, туған қалам- Астананы, туған көшемді, үйімді, тіпті көршілерімді сағына бастаған сәтте, Отан не екенін білгендей болдым.Менің ойымша, отансүйгіштік сезімі адамда туа біте пайда болатын қасиет. Бұл сезім сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады......
Шығармалар
Толық
0 0

Туған күнге арналған өлеңдер

Бүгін, біздің, балалар,
Туған күнгі тойымыз.
Бәріміздің барабар
Бойымыз бен ойымыз.
Кел, балалар, ойнайық,
Туған күнді тойлайық.
Ертең тағы....
Өлеңдер
Толық
1 0