Сауат ашудан сабақ жоспары: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №144 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды, ұнамайды);
1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру;
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу;
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерді қолдана отырып, үлгі бойынша шағын мәтін құрап жазу;
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- бірнеше рет тыңдаған соң, мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша үлгі негізінде сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін үлгі бойынша қолдана білу;
- үлгі бойынша суреттерді іріктеу/ белгілер салу/сөйлем сызбасы арқылы шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін мұғалімнің қолдауымен ажыратып, үлгі негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Оқушылардың көбі:
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- талқылау негізінде тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды (кім? не? қашан? не істеді? қалай?) қолданып, сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарға қатысты белгіленген рөлді орындау басырсында этикет сөздерін қолдана білу;
- берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, үлгі бойынша мұғалімнің қолдауымен (сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің емлесі, сөйлемдердің мағыналық байланысы) шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін мұғалімнің қолдауымен ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру және ойын негіздеу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру және сұраққа жауап беру;
- түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін орынды қолдана білу;
- үлгі бойынша сурет /белгілер салу/сөйлем сызбасы арқылы шағын мәтін құрап жазу;
- сөйлем түрін ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде сөйлемнің емлесін (бас әріппен бастап жазу, тиісті тыныс белгіні қолдану «.», «?», «!») сақтап жазу;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Нағашы әже.

Мен қолыма мектеп оқушылары арасында өтетін байқау туралы ережені алып, оқып танысқанымда есіме бірден нағашы әжем жайлы жазсам ғой деп ойладым. Білмедім, дұрыс па, бұрыс па әже деген сөзге анықтама берейін десем қиындау сияқты. Ал тереңірек ойлансам ол асыл анамның – асыл анасы. Анамның анасы болғандықтан әрине, маған нағашы әже. Мен ес біліп, есейгелі қандай жағдайда болсын яғни, қуанышымыз, тойымыз немесе менің анам перзентті болып жатқанда бірінші жетіп, қуанышы қойнына сыймай жүретін де осы әжем. Әжем, әжем деп айта беріппін, бұл кісінің өзімен сіздерді де таныстырып қояйын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным

Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса Отан да адам баласына сондай ыстық. Отан үшін отқа түс күймейсің деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң ол үлкен абырой.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Көктем

Көктем

Көктемде жаңбыр көп жауады. Күзде кеткен құстар отанына келеді. Көктемде мейрамдар өте көп: 8-наурыз және 22-наурыз- қазақтың жаңа жыл мерекесі.8-наурызда біз апа, ана, әпке, сіңлілерімізді құттықтаймыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Қандай қымбат)

Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі.....
Өлеңдер
Толық
0 0