Реферат: Экология | Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып , адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі.Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді,өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады.Адамның зиянды істері бірден байқалмайды,тек ұзақ жылдардан соң , бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде,кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны томас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45
жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды. Ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200- ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болды. Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті.1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Халықаралық экономикалық қатынас (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера
Сабақ тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынас
Оқыту мақсаты: 9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды
9.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін сипаттайды (ЖІӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда)....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мерейі өскен әншіні мұқатқысы келетіндер кімдер?

«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі!» Қайрат Нұртастың киелі сахнаға шыққандағы халықпен амандасуы әуел бастан осылай қалыптасты. Қайрат – өзге тілден бұрын, өз тілін құрметтейтін, өз елінің мәдениетін өзге мемлекеттерге дәріптей алатын тұлға. Оның шетелге шыққанда тек қазақ тілінде жеке концерт беретіні қайсыбір өнер жұлдыздары үшін үлгі болатындай-ақ дүние.

Бүгінде Қайрат Нұртас тек қазақ тілінде ғана ән айтып жалпақ жұртқа танымал болуға болатынын дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы ол Ресейдің Орынборына барып, тек қазақ тілінде жеке концертін берді. Сол кездері Ресейдің БАҚ өкілдері Қайраттың Орынбор халқының жүрегін қазақша әндерімен баурап алып, сахнаны «жарып» жібере жаздағанын жарыса жазды. Бір бұл емес, ол көптеген елдерде қазақтың мәртебесін асырып жүр.

Жалпы, Қайрат Нұртастың өзіндік феномені әлдеқашан қалыптасқан. Санамалап көрсек, ол тек қазақ тілінде сөйлейді, қазақша ойлайды, қазақша ән айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол қазаққа.....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Былғары қолғап шебері (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Былғары қолғап шебері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Менің отаным – Қазақстан

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің туып-өскен жерім - Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дене тәрбиесі | Дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жолдары

Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесі сабағының мәнін, мағынасын білу, оны дұрыс өткізу дене жаттығуларын тиімді қолдану мәселелерін терең түсінудің өте үлкен рөлі бар. Дене тәрбиесі сабағы ол – мәдениеттілік, ол баланың сыртқы келбетін, мінез-құлқын, өзін қоғадық орындарда дұрыс ұстауын бір-бірлерімен адамдармен қарым-қатынастарын реттейді, тәрбиелейді.
Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсат – өз халқының денаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қаралған. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғам зор үміт күтеді.
Зерттеудің мақсаты. Дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
-Дене жаттығуларын дамыту жолдарын меңгерту;
-Табиғаттың сыртқы күштері арқылы бала денесін шынықтыру;
-Мектепке дейінгі балаларға гигиеналық факторлар туралы түсінік қалыптастыру;
Зерттеудің пәні. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің үрдісі.
Зерттеудің обьектісі. Дене тәрбиесі сабағында дене тәрбиесі құралдарын дамыту жолдары анықтау әдістемесі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров) (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Ана тіліне тағзым (Ана тіліне тағзым М. Әлімбаев Сүйемін С. Торайғыров)
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау.
Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, өлеңге тақырып қояды;
Көптеген оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
Кейбір оқушылар: өлеңнен негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0