Реферат: Түркі халықтарының мәдениеті және оның өкілдері

Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар “Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты білік”арасында айқын ұқсастықтар бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Арбамен асықпаған қоян алар

Сағи айтқан екен сөздер көпшілік арасында - аракідік әңгімеленіп тұрады. Осыны үнемі естіп сезген Мәлікзада Нұрханұлы Ахметбеков
Ақындықтан бар сияқты хабарың,
Таудай болсын, інім Саги талабыц.
Алтыныңды ішіне көп сақтамай,
Шығара алсац сыртқа.....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0

Шығарма: Туған елімді сүйемін

Туған жер – әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекені. Оның күні де, түні де, тау – тасы да сарқыраған өзені мен жайқалған көлі де ыстық көрінеді. Менің туып өскен жерім – Қызылорда......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылыми фантастика (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми фантастика
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.
ӘТН 4.5 Грамматикалық норма.
Сабақтың мақсаттары:
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу – еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау.
Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: А Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, нұсқаулық жазу.
Сабақ мақсаты:
Шығарма үзіндісін жатқа айту;
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім.......
Ертегілер
Толық
0 0