Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы - болат найза! Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда. Бөкейді айт сағыр....
Саматқа санақ қонатын емес, Саусағын санап болатын емес. Онысы кейде кем болып шығады, Кейде кенет он болып шығады, Кейде одан да мол болып шығады, Сөйтіп, есебі өзгеріп тұрады.
Салтап, сақтап орақ, шалғы, Жұмсай берді олар, олақ шалды.
Тышқан баласына оңашада үйретіпті: Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң, қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме, — деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың исі шыққан соң, неғылып қойған екен деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса......
Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.
Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты...
Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...
Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілеріне жанын жұбатар бір шумақ жырым.
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де.....