Сценарий: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

1 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін...
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
335,5 -185,5

Жұмбақтар жауабымен: Ас, су, тағам, сусын және тамақ

Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
Жұмыртқа

Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
Жұмыртқа

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
Шай
Жұмбақтар жауабымен
Толық
170,5 -94,5

Мақал - Мәтел: Құстар, қыран құс

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
Мақал-мәтелдер
Толық
224 -128

Ашық сабақ: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз елім – тірегім)

Ашық сабақ мақсаты:
1. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Ашық сабақ көрнекілігі: «Тәуелсіздік – тұғырым» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.
Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.
Ашық сабақтар
Толық
103,5 -62,5

Қазақша реферат: Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Қазақша реферат: Мағжан Жұмабаев (1893-1938)Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Өмірбаяны:
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Рефераттар
Толық
200,5 -112,5

Қазақша шығарма: Отбасы күні (Отбасы - отанымыздың ошағы)

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын....
Шығармалар
Толық
108 -64

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Бурабай

Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі.

Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес.....
Шығармалар
Толық
72,5 -43,5