Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірлердің мәндерін есептеу және бағалау 1-сабақ (Б-бөлімі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Квадрат түбірлердің мәндерін берілген дәлдікке дейін жуықтап есептей алады, соның ішінде калькулятор көмегімен; • Квадрат түбірдің мәнін бағалай алады; • Квадрат түбірдің мәндерін салыстыра алады......
Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы көріп, Арзы мырза деп атаған екен.
Кейіннен соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы болғандар көп болыпты. Себебі Арзының жалғыз баласы бар екен. Ол да жас болған. Осыны пайдаланып Арзының саудасын жасап жүрген сатушылар үш жыл бойына Арзыға зияннан басқа пайда бермепті. Арзының өзі керуен тартып сауда жасауға үйіндегі арғы-бергісін басқаратын адамы болмапты.
Содан кейін он екі жасар Махмуд деген жалғыз баласын шақырып алып: «Балам, мен болсам қартайдым және өзім кетсем, үйдің ішінде жұмысты тындыратын адам жоқ, сондықтан, балам, басқа адамдардың маған келтірген зиянын өзің-ақ келтір. Сөйтіп, жүріп үйренерсің. Өстіп жүргенде мен өліп қалсам, сен бәрінен де құр қаларсың»,—депті......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі Сабақ тақырыбы: Деректерді талдау 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтайды Сабақ мақсаттары: Сабақ барысында оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру Теорияда алған білімдерін практикада қолдануға үйрету Зертханалалық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын одан ары дамытады......
Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», – депті. Елеңдеген бір жігіт: – Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-қызыл қылып жіберсе қайтеді? – дейді. Айдарбек: – Иә, қып-қызыл қылсаң, қыларсыңдар. Қолдарың қанданып тұр екен, – деп, жүріп кетіпті. * * * Айдарбек сол бетінде Шаншардың бір бай ауылына келеді. Келсе, әлгі ауылдың байы үйде жоқ, бәйбішесінен рұқсат сұрап, қонады. Түнде бәйбіше етті көп асып, күтеді. Сорпа ішерде Айдарбектің сорпасына үпілмәлік деген дәрі қосып береді. Ол дәріні ішкен адамның іші өтеді екен. Әлден уақытта Айдарбектің іші ауырады, тысқа шығайын десе, есікті мықтап жауып қойыпты. Шаншардың қуларының әдейі істеп жүргенін біледі де, төсекте жатқан бәйбішенің көрпесін ептеп алып, соған дәреттеп, көрпені қайта жауып қойыпты......
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақ тақырыбы: Мен қазақстандықпын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.5.1 Оқушыларға және достарына өзінің көзқарасы мен пікірін білдіру; 2.2.6.1 Рәміздерді қысқаша сипаттау, мәнін түсіну; 2.2.6.2 Мемлекеттік рәміздердің семантикасын түсіну; 2.2.6.3 Өз сөзімен Тұңғыш Президентіміз, оның Қазақстандағы тәуелсіздік алудағы рөлі туралы әңгімелеу; 2.1.5.12 Топ немесе ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетін дамыту. Сабақ мақсаттары: Оқушылар мемлекеттік рәміздерге сипаттама бере біледі; Еліміздегі көптеген ұлт өкілдерінің татулықта тұрып жатқандары туралы туралы әңгімелейді. Өз сөздерімен Отан, Астана, туған жер туралы әңгімелеп айтып береді..........
Ілгері өткен заманда Ташкент пен Қоқан аралығындағы шатқал тау бөктерінде Паркент, Заркент деген қыстақта Ішіқара деген бай болыпты. Ол өте сараң болыпты. Сараңдықта Шыршық пен Сыр бойында алдына ешкімді салмапты. Күндердің күнінде бір қойшысының құрып қойған тұзағына жалғыз бала түлкі түскен екен. – Түлкі менің жерімнің түлкісі, – деп, қойшыдан Ішіқара бай тартып алыпты. Бай түлкіні алып, Алтынбелдегі тымақ тігетін азғана үй қырғыздарға барыпты. Ішіқара бай қолындағы бала түлкінің терісін көрсетіп: – Осыдан маған бір тымақ тігіп бер, – депті. Тымақшы таңырқай бір қарапты да: – Мақұл, – деп, келісім беріпті. – Тігінші шебердің тымақ тігіп беруге бірден келісе қойғанына күмәнданған Ішіқара бай: – Түлкім бір тымақ емес, екі тымақ шығар ма екен? – деп ойлапты да, бала түлкінің терісін қайтып алып, Соқақ аулындағы шеберге апарыпты. Тымақ тігетін шеберге түлкінің терісін көрсетіп:......