Сабақ жоспары (ұмж): Су әуендері 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Су әуендері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
3.2.1.2 -қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары:
- судан және ыдыстан музыкалық аспап жасайды;
- жасаған аспаптарының көмегімен оркестр құрады;
- дирижерлік қимыл көмегімен орындап үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Гүл – Санобар

Ертеде араб елінде бір араб бай өтіпті. Аты Рашид екен. Рашид байдың үш ұлы болыпты. Үлкен ұлының аты Спандияр, ортаншы ұлының аты Алдияр, ең кіші ұлының аты Махамбет болыпты.

Бір күні Рашид бай үш ұлын шақырып алып: «Менің жасым болса келіп қалды, қартайған шағымда сендердің үйленіп, әйел алғандарыңды көрейін. Сендер үйленіңдер»,—депті. Бұған екі үлкен ұлы Спандияр мен Алдияр келіседі. Ал, ең кіші ұлы Махамбет келісім бермейді. «Мен әлі жаспын, әйел алмаймын»,—деп уәж айтады.

Оған әкесі көнбейді. Ақыры зорлап үйлендіретін болады. Әкесінің көнбейтініне көзі жеткен Махамбет «мейлі, сіздің айтқаныңыз болсын» дейді. Сонда әкесі: «қай байдың қызын аласың?»—дейді. Ал Махамбет әкесіне айтады: «Мен садақ тартамын, садақтың оғы кімнің үйінің есігінің алдында, иә болмаса, төбесінде жатса, сол үйдің ішінде қыз болса да, кемпір болса да, ең арғысы маймыл болса да аламын»,—деп, шарт қояды. Бұған әкесі келіседі. Махамбет аспанға қаратып садақты тартып қалады. Сонымен садақтың оғы аспанға зырқырап ұшып кетеді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну;
- қарапайым масс спектрді қолданып салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаны анықтау;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- масс-спектрометрдің бөлім-сызбасын және жұмыс жасау принципін біледі;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципін түсінеді;
Кейбір оқушылар үйренеді:
-үш заттың спектрлері бойынша массаларын дұрыс анықтай алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Момынбай менен Жеті қарақшылардың хикаясы

Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен.
Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды.
– Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі.
Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады.
Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Ертегілер
Толық
0 0

Пияз - табиғи дәрі

Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек моторикасын түзеуге, дисбактериозды, диарея мен асқазан ауырсынуын жеңілдетеді.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық
0 0