Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры)

Құрыштай нық,
Кеуделі тік,
Ту ұстап
Жұмысшы тұр:
Сап-сап адам легінде.
Қаптаған гүл
Миллиондар бір.
Бір штаб:
Отанымда, біздің
Совет елінде,
Жұмысшы тұр
Тудай нұрлы,
Көтеріп жыр,
Кеудесі кең алып жас,
Тұр жарқылдап,
Үн саңқылдап:....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Адам өміріндегі йодтың биологиялық рөлі. Қазақстан халқының денсаулығын йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан қорғау шаралары (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Адам өміріндегі йодтың биологиялық рөлі. Қазақстан халқының денсаулығын йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан қорғау шаралары
Оқыту мақсаттары: 10.4.1.12 адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін білу және Қазақстанның аумағында йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың пайда болуын түсіндіру, осы мәселені шешу жолдарын ұсынады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Атом - күрделі бөлшек (қайталау) (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Атом - күрделі бөлшек (қайталау)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: «Изотоп» пен «нуклидтің» физикалық мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: атом құрылысының моделін біледі;
атомның элементар бөлшектері (протондар, нейтрондар, электрондар);
элементар бөлшектердің сипаттамасын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: Атомдағы электрондардың күйі мен қозғалысын біледі;
Кейбір оқушылар: Атом құрылысы жайындағы білімдерін заманауи көзқараспен сипаттайды;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам
Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршілік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттайды
5.2.4.2 Тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жердегі тіршіліктің маңызын анықтап, өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктерін атайды. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми көзқарастарды зерттей отырып, «уақыт лентасын» жасайды, өз ойларын қорытындылайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан!

Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Мұқағали Мақатаев
Отан... Неткен киелі де құдіретті сөз! Бұл сөздің астары аса терең. Себебі, Отан – бар ұлттың басына бұйырмаған бақыт. Жер бетінде Отансыз ғұмыр кешіп жүрген сан ұлттар бар. Кез келген халықтың елдігінің, егемендігінің, тәуелсіз ұлт екендігінің айғағы – өз Отанының болуы. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – асқар шыңдары алыстан көз тартатын, өсімдіктері емдік қасиетімен ерекшеленетін, өзен – көлдері мөлдір, қойнауы қазынаға, табиғаты тамашаға толы құтты мекен. Ол – менің, Қазақстанды мекен ететін әрбір жанның сүйікті Отаны! Отанымыздың әрбір тауы мен тасы үшін, өзені мен көлі үшін ата – бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сыртқы жаулармен айқасып, бірі жанын, бірі жастығын құрбан етіп, біздерге бүгінгі байтақ даланы аманаттап кетті. Біздің бүгінгі ең үлкен байлығымыз – Тәуелсіздік! Ең құнды қазынамыз – ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан дархан Даламыз! Аталған байлығымыз бен қазынамыз, яғни Тәуелсіздік пен Жер – біздің мемлекетіміздің негізгі тірегі.
1991 жылдың 16 желтоқсаны... Бұл кез келген ел азаматы үшін айтулы күн. Көптен күткен Тәуелсіздікке ие болған күн. Егер қазақ тәу етер жалғыз кие болса, ол Тәуелсіздік дер едім. Міне, еліміз сол тәуелсіздікке қол жеткізгелі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан айқын мақсат – мүддесі бар, болашаққа үлкен жоспарлар артқан дербес те дамушы мемлекетке айналды. Ширек ғасыр аралығында Қазақстан көптеген мемлекеттермен достық қарым – қатынас орнатып, ішкі – сыртқы байланыстары нығайып, өзгелермен иық тірестіре алатын, әлемдік аренадан орын алған өзіндік үні бар ел болды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Ішімде бәрі өртеніп жатқандай

Әңгімемнің басын қалай бастарымды да білмей отырмын.. Талай жылдар поэзияны жаныма серік еткен болсам да, осы бір хикаямды жазуға жүрексініп жүрген едім.. Колледждің екінші курсында оқып жүргенімде интернет арқылы Н*** есімді жігітпен таныстым.. Онын өмірге деген көзқарасы, адамдармен қарым қатынасы, сіз деп сыйлағанының өзі ешкімге ұқсамайтын еді.. алғашында күнде жазып тұрды..сонда да сіз сіз деп сыйлап тұрған соң, оның көңіліне аса мән бермедім, тіпті ағам ретінде қабылдадым.. Ортақ достарымыз болған соң, бір күні достармен бас қостық..олардың арасында Н*** да бар.. Тағы да..алғаш көрген сатте қатты ұнамады десем де рас.. мен үшін тым дұрыс, тым жақсы адамдай көрінді.. Достарымыздың бас қосуы да жиілеп, ол да маған хабарласуын жиілетіп жіберді..

8 наурыз күні сыйлығымен келіп, ұсыныс жасады. Оны қатты ұнатпағандықтан келісімімді бермедім.. ал ол болса, сізді қанша болса да күтемін деп соңғы сөзін айтып кетті.. Күнде хабарласып тұруын тоқтатқан жоқ.. Осылайша кішкене уақыттан соң мен оның қызына айналдым.. Шыны керек алғашында жай ғана ұнатып кездескеніммен кейін оны қатты сүйіп қалдым.. Бақыттан басым айналып, оны коөуге асығатын болдым.. Сабағыма да зер салмай, құрбыларыма да уақытымды бөле алмай, күнде үйге кеш оралатын болдым.. Мұндайымды бұрын көрмеген анам, бір күні үйдің алдында мені тосып тұр екен.. Хабарласып, жанындағы жігітінмен кел, көріп танысуым керек деді.. Ұялғаннан жерге кіріп кетердей болып, екеуміз де анамнын жанында басымыз төмен қарап тұрдық.. екеуі танысты.. үйге кірген соң анам оны ұнатқанын, және оған сенетінін айтты.. осылайшы арамызда ешқандай сыр, ұрыс, жұмбақ дүниелер жатпайтын еді.......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Бақыт заңы)

Ұлы ойшыл партиямның қолымен
Жазылған заң— халқымыздың бағына,
Төкті күндей ленинизм жолымен
Нұр шұғыласын гүлді болашағыма.
Бұл заң қайнар бұлағынан нәр алған
Парасатты біздің жаңа заманның.
Адам үшін, бақыт үшін жаралған
Жүрегінен ұлы ойшыл данамның.
Әр сөзінде махаббатқа бөлеген,
Адам, сені, сенің келешегіңді.
Шын әкелік қамқорлыққа кенеген
Правоңды, төккен маңдай терінді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дерекқорды әзірлеу 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер
Сабақтың тақырыбы: Дерекқорды әзірлеу 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.2.2 бір кестеден тұратын дерекқорын жасау (SQL (эс кю эль))
Сабақтың мақсаттары: SQL сұрауларын және конструкторды пайдаланып, бір кесте дерекқорын жасау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар тірі ағза (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар тірі ағза
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың­ ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0