Сабақ жоспары (ұмж): Электр тогы қалай ойлап табылды? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр тогы қалай ойлап табылды?
Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
Сабақтың мақсаты: Электр тогының ашылуымен танысады және электрленудің не екенін түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 2- сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 2- сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.1 - экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету;
• экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын көрсететін графикті сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еуропалық қаржы нарығындағы Евро

КІРІСПЕ
Талдаушылардың көбіне жалпы Европалық валютаны енгізуді Бреттон-Вудстық жүйеден бас тартқаннан кейінгі халықаралық валюталық қатынастардағы негізгі жағдайлардың бірі болып табылады.
ХВҚ (халықаралық валюта қоры) дайындаған баяндамада ЕВЖ құрумен евро әлемдегі мәнділігі бойынша арнайы қорлардың ішінде екінші болуы тиіс, ал ЕОБ мемлекет аралық валютаны басқару бойынша ұлттар басшылығындағы құрылым ретінде болады.
Кейбір ғылыми – экономистер ЕВЖ сияқты әлемдік экономикалық өте шықты құрылымының құрылуы әлемде экономикалық өзгерістерге алып келеді деген болжам айтуда.
Экономикалық зерттеулердің Лондондық Орталығының талдаушысы, Элек Рей, былай деген: «Қатардағы европалықтар, шынымен де жаңа валютаны тәжірбиеде қолдану мәселесіне аса көп көңіл аударады. Бірақ кейбір европалық саясаткерлер мен экономистер (әсіресе Францияда) ЕВЖ-ні халықаралық валюталық жүйеде доллар бағамын төмендетудің тиімді мүмкіндігі ретінде көреді». Бұл амбициялардың қаншалықты ақталғандығы бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана белгілі болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қарттарым амансау болғай!

Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Биыл — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71жыл толмақ. 1941жыл 22 маусым — барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. 1941жылдың дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Номерлі ата

...Соғыс деген суық сөз
Жүректі дір еткізер
Ойланатын келді кез
Тілекке не жеткізер...
Қадыр Мырзалиев
Тәтем қалада тұрады. Ауылға анда санда келгенде бізді, балаларды ертіп, ауыл сыртындағы Өтеген батырдың кесенесіне алып барады. Жаз айы аяқталып қалған кез болатын. Бабамыздың кесенесіне барып үш шақырымдық жолда жаяу келе жатқанбыз. Тәтем жол бойындағы бір қабірге тоқтап Құран аяттарын бағыштады, ойланып көп отырды. –Тәте бұл кісі кім? Ескерткіштің төменіндегі мына сандар қандай мағына береді, деп сұрадым. Сол кезде тәтем:- Тайыр ата соғыс басталғанда он сегізде екен. Ағаларынан қалмай соғысқа аттанады. Сталинград қаласын жаудан азат етуге қатысады. Кейін Белорусь майданына қосылады. Кеңес әскері Польшаның астанасы Варшава қаласына барғанда тұтқынға түсіп, қамалады.
Неміс фашистерінің түрмесінде отырған жерінен Освенцим концлагеріне алып кетеді. Нағыз тозақты сонда көрген болса керек ата. «Тірідей адамдарды үлкен пештерге лақтырғанын, иттердің балалардың етегінен тартып,тістелегенін көрдік қой. Концлагерге келгенде екі күннен соң мына санды білегімді күйдіріп жазды. 15777-бұл менің реттік саным. Кейін сол қолыма 74/2/113 деп жазды. Бұл менің концлагердегі орным. Қыстың аязды күндері жалаңаяқ, жалаң бас лагердің сыртын айнала жүгірткен кездерді есіме алғым келмейді, небір азапты балаларым көрмесін деп тілеймін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қызықты қысқы демалыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай

Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.

Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Хош келдің)

Жарқылдап жаңа жылым, келдің маған
Көзім де, көңілім тасып масайраған.
Алтынды таңғажайып бақыт заңын
Жырлайын әшекейлеп мен де саған.
Жақында, төріме шық, отыр бермен!
Қонақсың елімізге бүгін келген.
Сыйлайын құрметіне отанымның
Кәусардай күмісті жыр — жаңа өлеңмен.
Қабыл ал жүрегімнің маржандарын,
Сусын ет шөлдесеңіз тілдің балын.
Арала саяхат қып отанымның
Керікті күн сәулетті бақшаларын.
Көресің Кавказдағы Қазыбекті,
Төбесі оның бұлттан асып кетті.
Гүл егіп баурайына мал қаптатып,
Кәріңді біздің заман еркелетті.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Есіл)

Жағасы жасыл барқыттай
Жайраңдап Есіл ағады.
Жайраңдап Есіл ағады
Ағысы қайда барады?
Күміс су ерке сәуледей
Күнде сылқ-сылқ күледі.
Күнде сылқ-сылқ күледі
Күнде ойнақшып жүреді.
Жағасы Есіл жапырақ
Жапырақ емес ерім тал.
Жапырақ емес өрім тал
Өрім талда жеміс бар.
Айдынында аққудай
Жүзем күнде келемін.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Донец)

Бұрқанып, тулап жаттың сен.
Ақ көбігің жарқылдап.
Оқтар ұшты үстіңнен,
Мылтық даусы саңқылдап.
Долдана қақты таңдайын,
Ысылдап сол күн жел - дағы.
Қанды кегің бар дайын
Қатуландың сен - дағы.
Жар қабағың шыңылдап
Кешті мөлдір суыңды оқ,
Ашулы ерінің қыбырлап:
«Жоқ, жоқ!— дедің.—
Өткел жоқ!».....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Зарядталған бөлшектерді үдеткіштер. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Зарядталған бөлшектерді үдеткіштер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Токомак, циклотрон, адронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіну.
- Зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: - магниттік өрістердің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;
- Зарядтың жылдамдығын, магнит өрісінің бағытын және магнит өрісіндегі қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалануды үйрену;
- Қозғалыстағы зарядтың магниттік күшін есептеу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0