Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия Сабақ тақырыбы: Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды Оқу мақсаттары: 5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау Сабақ мақсаты:Афинадағы демократияның пайда болуын саралай отырып, демократияның маңыздылығына көз жеткізу......
Өткір ойлы қара көз, Өжет, ұтқыр, бал мінез. Бақытым менің інішегім, Жүгіре басып келді тез. Күні күміс көгінде, Нұры балқып төгіле, Шыжып ыстық қайнаған, Уақыт еді, түскі кез. Келеді күліп ойын сап, Жетегінде «арғымақ» Кейде тоқтап атына, Күбірлейді сөйлеп сөз. Күбірлейді, күледі, Күледі де жүреді. Жетегінде жүгенді, Жүйрігі желі арғымақ.......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық. Дыбыс. Жылу. Электрлік. Магниттілік Сабақ тақырыбы: Денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу Оқу мақсаттары: 2.5.2.1 - Кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу. 2.1.2.6 -Эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурс, жоспар, мерзім, нәтиже) 2.1.2.7 - Эксперимент жүргізу және оның нәтижесін кесте түрінде белгілеу. Сабақ мақсаттары: Денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу. Эксперимент жүргізу және оның басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурс, жоспар, мерзім, нәтиже)......
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия Сабақ тақырыбы: Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.3 Стехиометриялық заңдар мен зат мөлшері ұғымын қолдана отырып, есептеулер жүргізу; Сабақ мақсаттары: - Зат мөлшері ұғымымен танысу - Стехиометриялық заңдылықтарды ескеру - Берілген алгоритмді қолдана отырып есептеулер жүргізу.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар Сабақ тақырыбы: Коллинеар және коллинеар емес векторлар 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.4.4 векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу ұғымын түсінеді; векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктейді;.....
Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды. Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс. Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ........
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7С Қазақстан Ресей империясының құрамында Сабақ тақырыбы: ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.2 – ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау; Сабақ мақсаттары: «Зар заман» әдеби ағымы өкілдері шығармаларының басты мәселелерін анықтау....
Туған елім – тірегім! Н.Назарбаев Атамекен – халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiпөнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы. Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байта Отанымызға деген сүйіспеншілік. Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезініп, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзімізге тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Біз осы ұлан байтақ жерде, осы мекенде туғанымыға шын мәнінде де бақыттымыз. Себебі біздер қазақы иісі аңқыған Бейбарыстың, жырлары жалын атқан өр Махамбеттің, қазақта дана да, дара болып кеткен асыл Абайдай ұлылардың ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өсіп-өніп өркендеп отырған әрбір өскелеңнің жүрегі «Менің елім - Қазақстан» деп соғуы тиіс деп білеміз. Ендеше, асыл елім, кіндік қаным тамған жерім, жүргіміз тек сен деп соғады. Имандылық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен ізгілікке толы жанымызды, жүрегімізді таңғы шықтай таза ұстап,еліміз үшін адал еңбек етейік дегім келеді. Бүгінгі ұрпақтың тыныш өмір сүріп отырғаны, Алланың маңдайын жарқыратып халқына берген Нұрсұлтандай патшамыздың арқасында екенін айқын білеміз......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Объектілерді және оқиғаларды модельдеу Сабақ тақырыбы: Үшөлшемді модельдер 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.1объектілер мен оқиғалардың модельдерін 3D редакторда құру Сабақ мақсаты: Үшөлшемді модельдің түрлерін білу....