Шығарма: Ерлік ұмытылмайды

Біз – бейбіт елдің ұланымыз
4 жылға созылған бұл шайқасқа 71 жыл! Жеңістің тәтті дәмін татып отырғанымыз сол жылдарда жер үшін, ел үшін шайқасқан ата-аналарымыз бен аға-тәтелеріміздің арқасы деп білемін! Оларға мың алғыс! Сол бір жылдардағы ауыр күндерді бастан кешіріп, осы күнге дейін көзі тірі атаәжелерімізге көп көмек көрсетілуде. Оларды қанша мадақтасақ та, мадақтасақ та жеткіліксіз. Олардың ерлік істері ешқандай алтынмен, күміспен теңеспейді. Тарихи деректерге сүйенсек, осыдан 75 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында таң алдында фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасаған. Бұл күн –тарихтағы ең қайғылы күндердің бірі. Соғыс басталған кезде Кеңес Одағының батыс шекарасын қазақстандықтар күзетіп тұрған, олардың көбі әскерден елге қайтулары керек болған.Сұм соғыс олардың жоспарларын іске асырмай тастаған. Соғыстан тірі қалғандар партизандар қозғалысына қосылған. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған. Басынан аяғына дейін мұздай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде миллиондаған әскер мен мыңдаған техниканы шабуылға шығарған. Оған дейін бірнеше мемлекетті басып алған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашқан. Гитлер және оның әскерінің көздегені – әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекетті басып алып, Кеңес елін қол астына алу болатын. Бірақ, кеңес халқы өз Отанын, елін жауға таптатпай қасық қаны қалғанша күресе білді. Халық Коммунистік Партияның басшылығымен әділетті азаттық соғысқа бірігіп көтерілген. Осы соғыста Қазақстан халқының, қазақ батырларының үлесі өлшеусіз болған. Соғыс тек майдан даласында ғана емес, тылда да жүрген. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріліп,елімізде қорғанысқа қажетті металдар өндіріліп, жауға атылған әрбір 10 оқтың тоғызы елімізде құйылған...
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ-жоңғар соғыстары 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ-жоңғар соғыстары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. ақын-жыраулар туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын бағалау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Бала - бақытың

«Бала – бауыр етің» деп бекер айтылмаған. Дүние есігін мен келдім деп, тірлік иесі екенін аңғартып, ертеңгі еліміздің болашағы екенін білдіртіп айқайлап ашатын, кішкене ғана қызылшақаны әр ана жүрегі елжірей, мейіріміне қарсы алатыны баршаға аян. Келе сала айналаны қарманып анасының омырауын іздей бастайтыны, аузына ана сүті тиісімен өзінің кәнігі ісіне кірісіп кететін, ал ананың алпыс екі тамырын иітіп берген ақ сүтіне тойған бойда балғын иісі бұрқырап, албырай ұйқыға кететін сәбиіне кім еміренбейді дейсің?

Дүниеге сәби әкелу әр ананың бақыты. Сәбидің тәтті үнін дүниеде еш нәрсе алмастыра алмайды. Талай жанның өмірін өзгертіп, ата-ана болу бақытын сездіретін жұдырықтай шақалақтың құдыреті шексіз. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деген еліміз». Әр бала өз несібесімен келеді деп баланы шектеуді де жөн көрмейтін қазақ емеспіз бе?

Жұмыстан шаршап келгенде сәбилеріңнің құшақ жая жүгіргені, сәл нәрсеге өкпелеп, сәл нәрсеге шаттанатын тәтті қылықтары шаршағаныңды ұмыттырып, шаңырағынды шаттыққа толтыратын тағы бар. Баланың үйге кіргенде көзімен іздейтіні де, алдымен сұрайтыны ол ата-анасы. Ең жақын қамқор адамдары жанында болса сәбидін жарқын күлкісі, алаңсыз бейқам шаттығы әлемді нұрға бөлеп тұрады. Тәңірім баланы ешқашан анасынан, ананы баласынан айырмашы! Өмірдін мәні ата-ана үшін байлықта емес, сананалы, иманды ұрпақта. Ата-ана әрқашан баласымен мақтанып, марқаяды. Сондықтан әр ата-ана баласына байлық емес, түзу тәрбие беріп, адами құндылықтарды жинап алуына көмектесу керек. Себебі бала өміріңнің жалғасы, өміріңнің мәні.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Оны кешірейін бе?

Сәлеметсіздер ме? Мен бұл топқа жиі кіріп, әртүрлі тағдыр иелерінің хикаяларын оқимын. Біреуіне көзіме жас алып, жан ашыса, екіншісіне сүйген ғашығымен бақытты екенін оқып, қуанып қаламын. Ал бүгін мен сіздерге өз басымдағы хикаямды айтып берсем деймін. Мен биыл 11 сыныпқа көштім. 10-сынып оқып жүргенімде 11 оқитын А.есімді баламен агентте сөйлесіп жүрдім. Әрине, тек дос ретінде. Менен жігітін барма? Көшеге шығып жүрсінбе? деп сурайтын. Ол, ягни А. кызқұмар, тентек бала болатын. Ал, мен мектеп мақтанышы, оқу озаты, тәртіпті қыз болатынмын. Сөйтіп екеуміз сөйлесіп жүрдік.Бұрын мен мектепте оған мүлде мән бермей жүре беретін едім. Енді онымен сөйлескелі оны сырттай қарап жүрдім, қандай бала екенін. Бірде маған агентте менің қызым болшы, бақытты боламыз деді. Мен оған әрине, сенбедім, алғым келмеді. Өйткені ол қызқұмар, әрбір қызга осылай айтатын. Тағы оның көп қызының қатарына қосылғым келмеді. Сөйтіп оған, жоқ, мен ешкіммен жүргім келмейді дедім. Ол болса артымнан қалмады. Сөйтіп, 2 айдай артымнан қалмай жүрді. Мені сүйетінін, менсіз өмір сүре алмайтынын айтты. Мен оған сүйетінінді дәлелде дедім. Сонда ол кездесейік, саган бетпе-бет сөйлескенде айтамын деді. Сөйтіп 2011ж,31 желтоксан, Жана жылда екеуміз кездестік. Маған сені сүйемін, маған сенші деді. Мен ойланамын дедім.

Сөйтіп, 2012жылдың 11 қаңтар күні сөзін алып, жүре бастадық. Менің алғашында оған деген сезімім болмады. Бірақ бірте-бірте оған бауыр басып қалдым, оны қатты сүйдім.Солай бақытты күндеріміз өтіп жатты. Кездесулер, түнім ен телефонмен сөйлесулер көп болды. Ол 11 бітірді. Жазда да кездесіп жүрдік. Бірақ ол көбіне ауылда болмады. Көрші ауылга барып, сонда көп уақытын өткізді. Мен оған неге ауылға келмейсін, ана ауылдан неге шықпайсын, әлде біреуге барып жүрсінбе деген сұрақтар қоя бастадым. Ол болса, ондай ештеме жоқ екенін айтты. Мен сеніп жүре бердім. Бірде, қыздардан оның көрші ауылда баска қызга барып жүргенін естідім. Дереу, онымен сөйлестім. Ол болса, ешкімге барған жоқпын, тек 1-2рет сөйлестім болды, мен сені сүйемін жалғыз сені деді. Мен сөзіне сендім, оны сүйетін едім өйткені. Сөйтіп, екеуміздің жүргенімізге 7 айда болып қалды. Мен жазғы демалысымда Ақтауда жүрдім. .....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақ тақырыбы: Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.3.3 функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;
Сабақтың мақсаты: функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Зертханалық құралдармен жұмыс жасау
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділік графигін талдау, график арқылы мәліметтерді оқу
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеріп, үдеудің мәнін анықтау.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар теңсіздіктер (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;
Сабақ мақсаттары: Екі айнымалысы бар сызықты теңсіздіктерді шешуді үйрену.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0