Өмірбаян: Дәурен Алтаев

Дәурен Алтаев - учаскелік полиция инспекторы

Алтаев Дәурен Қасымжанұлы 1976 жылдың көктемінде Қарағанды облысы, бұрынғы Талды ауданы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Алғабас селосында дүниеге келген.

Ол 1982 жылы мектеп табалдырығын аттап, сол мектеп қабырғасында 11 жылдық білім алды. Мектеп бітірген соң, Отан алдындағы борышын атқару үшін әскерге аттанады. Әскерден кейін, 1996 жылы ішкі істер органдарына қызметке тұрады. Жол патрульдік қызметінің милиционері, кезекші бөлімнің жедел кезекшісінің көмекшісі қызметтерін абыроймен атқарады.
Б.Бейсенов атындағы Қарағанды жоғары мектебінің заңгер мамандығына сырттай түсіп, 2005 жылы аяқтап, офицер атанады. Содан бастап, яғни, 2006 жылдан бері учаскелік полиция инспекторы қызметін адал атқарып келеді.

Дәурен Қасымжанұлы облыстық ІІД және қалалық ІІБ басшылығы тарапынан бірнеше мәрте марапатқа ие болған, сондай-ақ, мінсіз қызметі үшін II және III дәрежелі медальдармен марапатталды. Ішкі істер министрлігі тарапынан 2006 жылы «Үздік қызметі үшін» төсбелгісін иеленді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 АОтарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Жанқожа мен Есет батырдың Орта Азия хандықтары мен Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күрестегі рөліне баға беру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қаншама жас боздақтар

Бiздiң жүрегiмiз темір емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп күйдiрiп жібере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол–Отанға дегенсүйiспеншiлiк.
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысының тарихы көптеген жеке адамдардың өмірінен кұралады.Олар жанын құрбан етті,бірақ артқа шегінген жоқ,туған жерінің алдында борышы өлім туралы ойлардан,қорқыныш сезімдерінен алда тұрды.Біздің еркіндігіміз және бостандығымыз қандай бағамен бізге келгенің біз жақсы білеміз.Бұл батыл және қайсар адамдарының алдында біз әрқашан да парыздармыз . Осы жылы біз Ұлы Жеңістің 71-жылдығын тойлаймыз.Қазіргіұрпақтарымызға кеңес адамдардың иығына түскен барлық қиындықтарды елестету қиынға түседі.Жеңіске жетуінің қайнар қөзіхалқымыздың асқақ рухы мен туған жеріне деген ыстық махаббаты болып табылады. Жеңіске адамдардың терең патриоттық сезімдер арқасында жеттік деп есептеймін.Туған жерін жау қолына бермеу әрбір кеңес адамы түсінгені мәлім. Әр жылмен біз соғыс кезінен алыстап бара жатырмыз.Бірақ,адамдар соғыс кездегі жамандықты уақыт ешқашан өшіре алмайды.71 жыл арамызда қалды.Соғыс зардабын көрген адамдардың қатарлары азайып бара жатыр.Халықтың жадында сол кездегі қиындыққа төзеп алған бүкіл елдің ерлігі мәңгі сақталады.Адамдар Отан үшін,өз өмірлерін ойламай қиып берген. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.....
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Алғашқы махаббат

9-сыныпта оқып жүрген кезім. Өзімнен 8 жас үлкен әпкемнің сыныптасы Е. мектепке музыка сабағынан мұғалім болып орналасты. Менен 9 жас үлкендігі болса да, жақсы араласып тұрдық. Арада тек таныстық сыйластық қана болатын. Осылайша жиі араласып жүріп арада сезім пайда болды. Мектеп қабырғасында жігітпен кездеспеймін деген өз қағидамнан аса алмай жүрдім. Жариялы түрде қыз бен жігіт болып кездеспесек те, екеуміздің бір-бірімізді ұнататынымыз көзімізден көрінетін. Бұл ара қатынасымыз бір күні Еріктің анасы,менің сынып жетекшіме де белгілі б олды. Өзімнен сұрай келген мұғаліміме араласатынымыздың рас екенін айтсам да, ағайымды ұнататынымды жасырып қалдым. Уақыт өтіп мен 11 сыныпта оқып жүрдім. Е-мен 3 жылдың көлемінде тек дос ретінде араласып келдім. Бірақ іштей қатты ғашық болатынмын.Оқта-текте кездесіп, сырласып тұратынбыз. Оқу жылы аяқталар тұста екеуміз бір-бірімізге сезімімізді білдіріп, сөз байластық. ҰБТ өтті. Мен аттестатымды қолыма алып, ЖОО-ға кеттім.
Студент атанып, бірінші курста жүргенде жиі хабарласып тұратынбыз. Екінші курсқа өткен кезімде телефон арқылы хабар алмасудың азайғанын байқадым. Бұрынғыша ертерек оқуыңды аяқтасаң, екеуміз бір отбасын құрсақ деп армандап айтылатын әңгіме де азайды. Мүмкін жұмысын ауыстырған соң, қолы тимейтін шығар деп ойлайтынмын. Алайда бәрі бекер болып шықты.
Қысқы демалыс кезі.Жамбыл облысында уақытша жағдайлармен тұрып жатқанбыз. 13 қаңтар ескі жаңа жыл болатын. Телефон шылдыраған соң, құттықтап хабарласқан туыстар шығар деп тұтқаны алдым. Еріктің дауысы... Қуанышымда шек жоқ. Жағдай сұрасып, мерекемен құттықтап жатырмын. Бір кезде тұтқаның арғы жағынан той әуендерінің дыбысы естілді. Сұрағанымда бір досының тойында екенін айтты.Жылы қоштасып, тұтқаны қойдық......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Көсем туралы сөз)

Күндер де өткен, талайдан жылдар да өткен,
Қатал «тағдыр» жолымен ғасыр жылжып.
Ақын мұра сөзімен маған жеткен,

Елім сүйген көсемді айтам жыр ғып.
Өз балаңдай, жарыңдай; өміріңдей —
Сақта ойыңда Отанды күннен нұрлы!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Рақымжанға

Ғасырмен ғасыр тоғысқан,

Тай-төбе киелі жер еді.

Киесінен нәр алған,

Тәрбиеленген бұл елі еді.


Асыл туған атадан,  

Айбыны күшті қаһарман. 

Рейхстаққа ту тігем деп, 

Ант беріп еліне аттанған.


Қазағымның рухын көтерген,

Халқы үшін туған азамат.

Рақымжан тіккен көк туы 

Ұрпақтарына  аманат.


Аманатын ақта ұландарым,

Намысы жоғары қырандарым.

Бүкіл әлем бас иген

Мәңгілік ел ұрандарың.


Рақымжандай ер туған,

Ел үміті ақталсын.

Мәңгі өшпей есімі,

Тарихында қазағымның сақталсын.


Бүгінгі күн,  Рақымжан,

Қазағымның туын тіккен күн.

Отпен, оқпен алысып,

Арманына жеткен күн.

Өлеңдер
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау.
3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылулық қозғалыс.
Броундық қозғалыс.
Диффузия 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 Молекула-кинетикалық
теорияның негізгі қағидаларын
дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын білу;
• Броундық қозғалысты сипаттау;
• Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Әкеме айтып қоймаңыз

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын.

Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: “Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?” деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.

Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: „Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез “мама” деп шақыра ғой” депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, „мама” деп құшақтай алады .....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0