Махаббат хикаясы: Өмір-өзен

Күз. Түн. Қараңғы көше. Мейірғұлдың айдарын Нұраның салқын самалы сыйпап өтті. Осы желдің әсері болар, Мейірғұл өзен жаққа қарап, терең ойларға шомды. Қайран, Нұраның сағындырған самалы! Сенімен қауышуды әскер қатарында жүргенде қанша уақыт асықтым деп сұрасаңшы, жарықтық - Нұра!? Бірақ қалай сұрарсың!? Бұл фәниде тіл тек қана гомосапиенс аталатын жаратылысқа ғана тән. Ал сенде, Нұра, жан жоқ. Тіл жоқ. Сен бұдан адасың. Сені Тәңір өзен қылып жаратты. Суың талай жылдар осылайша бір қалыппен ағып, Сайын Сарыарқаның сар даласының сан шақырымын кезіп иә кесіп өтеді. Күндіз де, түнде де, ыстық болсын иә суық болсын сен үнсіз ғана өз арнаңмен аға бересің, аға бересің... Аталған арнаң – сенің өмірлік жолын, күре тамырың. Бұл жол ешқашан өзгермек емес. Ол – бірқалыпты. Ал, адам баласының жолы – қиралаң-қиралаң, бұрылыстары көп кездесетін жол. Оны сүрінбей өту - біздің қолымызда. Бұл жолдың қызығы менен шыжығы, қайғы-қасіреті қатар жүреді. Жын-шайтан деген пәле мен періште сынды пәкиза жаратылыстар кездеседі. Ал үстімізде әманда Алла тұрады. Тәңір және оның пәк, күнәдан ада періштелер і бізді тура жолға бастағысы келсе, Ібіліс пен оның шайтандары бізді азғырып, ақ жолдан тайдырып, қадамымызды қате бастыруды армандайды. Көрдің бе, адамның қандай тосыны көп жолы бар!? Бұл жолдың аты - өмір екенін сенде сезетін шығарсың, асыл өзенім!? Сенің толқындарында, тілсіз суында қандай сыр жасырылу тұр екен, ол маған беймәлім! Сенің жағалауында нешеме жігіт ат суарып, талай бұрымды қыздар шелектерін арқалап, бір-бірімен танысып, бақытты отбасы құрған болар! Ол, әрине, қуаныш. Ал сенің суына қанша адам баласы батып, о дүниелік болған ? Сенің жағалауына қанша пенденің көз жасы тамған!? Сенің суын қанша баланы әкесіз қалдырған екен, ол әрине, беймәлім нәрсе. Мен ессіз сәби, жөргекте жүрген кезімде сенің суына әкем батқан еді. Қайран әкем, балықшы еді. Сол мақұлықтардың әлеміне кетті ғой! Әрбір бос уақытын осы балық аулаумен өткізетін. Әрине, бұл қайғылы жағдай. Ондайдан құдай сақтасын! Дегенмен, саған оның келіп-кетері жоқ. Сен естімейсің де, көрмейсің де. Баяғы қалпыңмен үнсіз аға бересің, аға бересің... Осы кезде Мейірғұл жаурағанын сезді. Терең ойларға батқан бойы Нұраның жағасында келіп тұрғанын байқады. “Айлы түнде сен қандай сұлу едің, Нұра!? Бұрынырақта қалайша байқамаған едім?” – деп, тағы да бір ойлады Мейірғұл. .....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Күтуден жалықпаймын

Сол кеште ол маған дос ретінде емес басқадай қарайтынын, өзіні мені ұнататынын айтты. Мен қатты таң калдым.Ол маған махаббат жағынан дос болуды ұсынды. Мен одан уақыт сұрап, екі күн өткеннен кейін келісетінімді айттым. Содан біздің бақытты күндеріміз басталып кетті. Бос уакытының баринеде екеуміз бірге журдік. Осылай 3 айды өткіздік. Оқу жылы басталар уақытта мен қарағандыдан оқимын деген шешімге келіп екеуміз екі жақта қала бердік. Бірақ біздің махаббатымызға ара қашықтық та кедергі болмады.Ол маған ылғи звондап турды. бірақ сол кездерде менің Аскарға деген сезімім суый бастады.Көзден кеткен соң көңілден де кетеді деген оймен жүрдім. Сөйлескім келмей сылтаулар айтып телефонды тастай салатынмын.
Бірақ оның сезімі шынайы болды. Мен туралы уй ішіне дде айтыпты. Олардың ата анасыменменің ата анам жақсы араласатын. Бірде екеуміз тусініспей қалдық та мен оған басқа жігітпен жүрем деп жаоған айттым. Содан екеуміз біраз сөйлеспей қалдық. Жазғы каникулда мен уйіме келгенде Аскарадың басқа қызбен жүетінін құрбымнан естідім......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алгоритмді әзірлеу 4-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Алгоритмді әзірлеу 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: есепті шешу алгоритмін құрастыру
алгоритм тиімділігін арттыру үшін таңдау/тармақталған және қайталану құрылымдарын пайдаланады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәдениет (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемнің қазіргі заманғы бейнесі
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық мәдениет
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.8.1.1.Жаңа технологиялардың қоршаған ортаға ықпалының артықшылығы мен қауіптілігін бағалау.
Сабақтың мақсаты: оқушының іс-әрекетін қалыптастыру арқылы оқу материалын игерту. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық процестердегі тепе-теңдік. Тепе- теңдік түрлері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика
Сабақ тақырыбы: Физикалық процестердегі тепе-теңдік. Тепе- теңдік түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • тепе-теңдік принципін түсіну
• тепе-теңдік түрлерін анықтау
• физикалық процестердегі тепе-теңдіктің рөлін түсіну
• осы тепе-теңдік түрлеріне қажетті алғышарттарды анықтау
• әртүрлі физикалық процестерге қолданылған кездегі тепе-теңдік сипатын анықтай алу
Сабақ мақсаттары: Сабақтың соңы, оқыту нәтижелері:
• Статикалық немесе динамикалық болуы мүмкін кез келген үрдіске тепе-теңдік қағидаларын қолдану мүмкіндігі
• Тұрақты, тұрақсыз және бейтарап тепе-теңдік арасындағы айырмашылықты білу және түсіну
• тұрақты, тұрақсыз және бейтарап тепе-теңдік үшін қажетті алғышарттарды сипаттай алу
• Ньютон заңдарын берілген тепе-теңдік мысалдарына қолдану және байланыстыра білу
• тепе-теңдікке арналған есептік жұмыс парақтарын шеше білу
• «Тепе-теңдік және физикалық әлем» деп аталатын плакат шығару......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): y=сtgx функциясы және оның қасиеттері (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: y=сtgx функциясы және оның қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 тригонометриялық функцияларының анықтамаларын біледі, қасиеттерін қолдана отырып графиктерін салады;
Сабақ мақсаттары: y=сtgx функциясының графиктерін салу жолын меңгеру.
тригонометриялық функциялардың графигін салып қасиеттері бойынша зерттей алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Вектор ұғымы 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Вектор ұғымы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың, векторлар арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі;
9.3.4.2 коллинеар, тең, қарама-қарсы векторларды және векторлар арасындағы бұрышты салуды біледі және суреті бойынша табады.
Сабақ мақсаттары: - векторлар туралы негізгі ұғымдарды біледі;
- коллинеар, тең, қарама-қарсы векторлар арасындағы бұрышты салады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң Никомахова этика деген кiтабында Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен.
Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде 1516 ж. утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия деген еңбегiнде барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi мүмкiн болар ма екен деп жазған /2, 24б/.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы баға нарығы

Сұраныс пен ұсыныстың көлеміне, фирма шығыны мен табысына және пайдасының деңгейіне, ел тұрмысына, ұлттық табыс пен инвестиция серпініне, қоғам өндірісінің дамуына, т.б. көптеген маңызды көрсеткіштерге баға тұтқалы ыкпал тигізеді. Сондықтан баға адам өмірінде негізгі роль атқарады деген қағида орын алған. Бағаның осы тұтқалы ролі барлық қоғам жүйелеріне бірдей тән. Алайда қоғам жүйелерінің әрқайсысында баға теориясы мен тұжырымдамасы, оның әдістері мен тәсілдері әр түрлі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында бағаның негізі ретінде қоғамдық құн болатын. Ал қоғамдық құн қоғамдық қажетті еңбек немесе қоғамдық қажетті шығындар арқылы есептелді. Қоғамдық қажетті шығындар іс жүзінде әрбір өндіріс саласының орта шығындары ретінде есептелетін. Бұл шығындарға әрбір саланың пайда нормативі қосылып баға деңгейі белгіленетін. Ал пайда нормативі мемлекетке (бюджетке) қажет, басқаша айтқанда, материалдық және материалдық емес (қызмет көрсететін) қоғамдық салаларды дамыту үшін, қоғамды әлеуметтік тұрғысынан дамыту үшін қажет қаражатына сәйкес белгіленетін. Демек, қоғамдық қажетті шығындар қоғамды және әрбір саланы дамыту үшін қажет қаражатқа (шығындарға) сәйкес есептелетін. Сондықтан бұл баға тұжырымдамасы ғылым жүзінде шығын түжырымдамасы деп орынды аталған еді. Өйткені баға белгілеуші көрсеткіштердің екеуі де (қоғамдық шығындар да, пайда нормативі де) шығындарға негізделген. Бағаның осы шығын тұжырымдамасы түбінде шығын (нәтижесіз) экономикасына әкеліп соқты. Негізінде шығын белгілі нәтижеге жету үшін жұмсалуы тиіс еді. Алайда шығын шығынды көбейте берді. Өйткені экономика нәтижені емес, шығынды көбейтуге бағытталған еді. Әрбір министрлік өзінің қоғамдағы орнын күшейту үшін неғұрлым көбірек қаражат талап ететін. Сондықтан ол каражаттың қажетін негіздеп, оны алуға тырысты. Салмағы ең ауыр машиналар өндіріліп, алып құрылыстар салынды. Алайда оларға кеткен шығындардың нәтижесі ойдағыдай болмады. Ол алып кәсіпорындардың өндіріс қуаттары толық игерілмей, салмағы ауыр техниканың өнімділігі оған кеткен шығындарды ақтамады. Кеңес Одағы металл өндірісі көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бірақ ол металдан өндірілген өнім саны мен сапасы дамыған елдерден анағұрлым кем болды. Демек, шығын нәтижелі болмады. Шығын шығынды көбейтіп, өндіріс нәтижесі төмендеп, шығынды экономика қалыптасты деген тұжырым осыдан шықты. Енді, міне нарық экономикасына көштік. Баға бұрынғыдай орталықтан белгіленбейтін болды. Өйткені жеке меншік өндірісіне ауыстық. Әрине, мемлекет әрбір жеке меншік кәсіпорынға баға бекіте алмайды. Ол мүмкін емес. Екіншіден, ол дұрыс та емес. Өйткені жеке меншік кәсіпорынның дербестігі бұзылып, олардың мүддесіне қайшы келіп, өндіріс тежелетін еді. Нарық экономикасында мемлекет кәсіпкерлерге еркіндік бере отырып, бағаны реттеу үшін көбінесе тікелей әкімшілік әдістеріне қарағанда, экономикалық (жанама, яғни салық, несие пайызы, инвестиция, қаржылай көмек т.б.с.с. саясаттар арқылы) жанама әдістерін қолданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0