Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ғы Тұран Әлем Банкі операциялары мен қызметтері

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады.
Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражатын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айрылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіріеді.
Несиелік жүйе «ертегідей күшкең ие болып отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы ң мүмкін. Карл Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуінең назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Денис Кузин

Денис Кузин - конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық.

Денис Кузин 1988 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы коньки тебу секциясына баруды бастады. Алғашқы бапкері Пастушенко Николай Петрович болды

Кузин әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы.
Конькимен сырғанау спортына Денисті әжесі Светлана Григорьевна Карайченцева әкелген екен. Ол – ата-анасы қаза болғаннан кейін баланың тәрбиесін толықтай өз қолына алған спортшының ең жақын әрі қымбат адамдарының бірі.

«Конькимен жүгіру спортына мені әжем күштеп әкелді. Ол мені мұнда темекіге, ішімдікке әуестеніп кетпей, спортқа деген қызығушылығымды ояту үшін әкелгені анық. Соның арқасында конькимен сырғанау спорты менің жұмысыма, өмірімнің мәніне айналды. Бұрын жай ғана сырғанау, жаттығуға келіп-кету ұнаса, қазір менің дайындығым басқа дәрежеге көтерілді», - деген ойымен бөлісті спортшы......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;
6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;
6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIV Людовик пен Ұлы Петр тұсындағы мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
Сабақ мақсаттары: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сценарий: Достығымыз жарасқан! (1 - мамыр достық күніне арналған ертеңгілік)

Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кинематика. Есептер шығару. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналмалы қозғалыс
Сабақтың тақырыбы: Кинематика. Есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): түзу сызықты бірқалыпты, теңайнымалы қозғалыстағы дене үшін және гравитация өрісіндегі дененің еркін түсуі үшін кинематикалық теңдеулерді қолданып, есептер шығару
центрге тартқыш үдеудің пайда болу себебін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Қисықсызықты қозғалыс сипаттамаларын біледі
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
Қисықсызықты қозғалыс сипаттамаларын есептер шығаруда қолданады
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
Өз бетінше есептерді шығарады ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері

Кіріспе.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ

Кіріспе
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0