Шығарма: Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн

«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар...
Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өткенін білмеген ұрпақтың келешегі болмайды

Еліміздің өткеніне көз салсам, әрине, жүрегім қынжылады. Сонау қиын шақтарды басынан өткізген халқымыз тәуелсіздік үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен, жастайынан өмірі қиылған жастарымыз есіме түседі. Бүгінде Қазақ елі егеменді ел болды. Бодандықтан босану мен Тәуелсіздік біздің елге оңай келген жоқ. Осы жолда халқымыз өзінің батырлығы мен қайсарлығын, батылдығы мен ержүректілігін көрсетті. Елі, жері, тәуелсіздігі үшін жандарын ғана емес, абыройы мен жанұясын да, сүйікті жары мен бауыр еті балаларын да, өмір сыйлаған ата-аналарын да құрбан етті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстазымыз: «Сендер бақыттысыңдар. Біз кезінде қазақтың болашағы мен еркіндігі үшін күресіп, қиянаттың құрбаны болған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сынды Алаш арыстарының туындыларын оқыған жоқпыз. Қазақтың бетке ұстар азаматтарының тамаша-тамаша шығармаларын бізден жасырып, оларды ұлтшылдар деп қаралап келген еді. Сонда біз көп нәрседен мақрұм болғанымызды кеш түсіндік. Ал сендер осы аталарыңның өлеңдерімен ұлғайып, әңгімелерімен сусындап жүрсіңдер»,-деген сөзі бізді ерте есейтіп жібергендей болды.
Иә, біз осы аталарымыздың ерлігі мен еңбегінің құдіретін сезініп келе жатқанымызға қуаныштымыз. Іргесі сөгілмейтіндей етіп 15 республикадан құралған КСРО мемлекетінің ыдырауына Қазақстанда 1986 жылы желтоқсан айында болған жастардың көтерілісінің әсер еткені ме деген ойға барамын. 70 жылдай өз айтқанын істетіп, өз дегенімен жүргізген кеңес өкіметіне деген қарсылықты қазақ жастары жүрегінің қалауымен, қайсарлықтың рухымен көрсете білді. Себебі, өз ұлтын құрметтейтін, өз елін сүйетін жандар ғана мұндай ерлік жасай алатын еді. Өкініштісі, олардың ерлігі сол кезде қолдау таппай, талай жас оқу орнынан шығарылып, талай қыршын құрбандыққа шалынды. Олар сол кезде өлім үшін емес, өмір үшін күресіп, қазіргі әнұранымызға айналған әнді бірлесе жүріп орындаған екен. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 2- сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 2- сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау
6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Шығыс және Батыс елдеріне арналған крест жорықтарының салдарын зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы
Оқыту мақсаттары: 9.2.1.3 - жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • жыныстық жетілу кезеңдерін біледі
• екінші ретті жыныстық белгілердің дамуын сипаттай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Программаны тестілеу 4-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Программаны тестілеу 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.3.2 программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану
Сабақ мақсаты: тестілік мәліметтерді анықтау
программа нәтижесін әртүрлі тестілік мәліметтермен сынақтан өткізу
«программаны ретке келтіру» процесін сипаттау
трассировка кестесін толтыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Шеңбермен байланысты бұрыштар
Сабақ тақырыбы: Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық
Сабақ тақырыбы: Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
ХЭПЖ динамикалық кестеге қарап, элементтердің атом құрылысына, физикалық қасиеттеріне сипаттама беру;
жай заттардың оттекпен әрекеттесуін бақылай отырып, элементтердің қасиетінің өзгеру заңдылығын зерттеу;
оксидтердің сумен әрекеттесуін бақылау арқылы заңдылықты анықтау;
оксидтердің қышқылмен және сілтімен әрекеттесуін зерттеу.
кестедегі периодтылықты түсіну және оны қышқылдық негіздік қасиеттерінің өзгеруі тұрғысынан түсіндіре білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы

Кіріспе
Адамзат тарихының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп нарықты тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қана қоймай, бүкіл тауарлар дүниесін ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды.
Ақша нарықтық экономикада ақша–несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесіне туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі, әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативиік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуге төлем қабілеті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚР банк жүйесінің даму бағыттары

Кіріспе
Қазіргі кездегі нарықтық экономикада қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесінде банктік жүйе бүкіл экономиканың маңызды элементі болып табылады.
Нарықтық экономикада банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражттарды халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады. Сондай-ақ, көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Бүгінгі күндегі экономика өте қүрделі жүйе болады, оның әр бір элементі өзара тығыз байланысты және сонымен бірге әр қайсысының әрееті де маңызды болады. Банктік жүйе экономиканың барлық салалрының үлесімді дамуын қамьамасыз етеді. Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері:
• Уақытша бос ақшаларды шоғырландыру;
• Шаруашылық субъектілердің кассиры ретінде қызмет атқару;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0