Курстық жұмыс: Экономика | Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi

Кiрiспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “
банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi кезектi тақырыбтардың бiрi болып табылады. Өйткенi, қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үҐшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жҐүзеге асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, күтпеген экономикалық әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түҐрлi меншiк нысанындары кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызда өз ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы көҐшiне айналды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН XXI ғ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ

І ҚАЗАҚСТАН XXI ғ. ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ......................................................................5

1.1 Қазақстандағы экономика, әлеуметтік, саясат және интеграция.......5

1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірбиесі..............................................................................................................10

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................27 ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Экономиканың құрылымдық қайта құрылу

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық экономикасын нарықтық қатынастарға бір мезгілде ауыстыру айқын болып келеді, өйткені халық шаруашылығының мұндай ауысудың қажетті жағдайларын жасауға баруға дайын еместігі маңызды әлеуметтік күйзелістермен қалайсыздыққа ұшыратылған. Алайда осы мақсатта арнайы экономикалықаймақтарды пайдаланудың шынайы мүмкіндігі пайда болады, олардың шектелген аялары нарықтық механизмнің әрекет етуін еш қиындықсыз жөнге келтіруге мүмкіндік береді. Аса дамыған елдердің тәжірибесі, онда ғылыми-техникалық жетістіктерді ендірудің экономикалық механизмі ұлттық экономиканың инновациялық секторына түрленгенін көрсетті. Өкінішке орай, Қазақстанда бұл әлі жоқ. Сонда да ғылыми-техникалық сферада кәсіпкерліктің барынша дамуына ұтыс тігу өзінің нәтижелерін беруде. Сонымен, инвестиция бойынша Комитет құрылды, ол жобалардың сараптамасын өзінің мойнына алу керек: рыноктың мұқтаждықтарын бағалау, қаржы ресурстарының көлемі, тәуекел дәрежесі және болжанатын кірістер.....
Курстық жұмыстар
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақ Баспасөзінің Бағдары

Бүгінгі таңда әлемде сан түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде, жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың да қажет екені ақиқат. Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім - тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған «Адам ата Хауа ана» газетінің аяқ алысын құптаған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған «Дат» және «СолДат» сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Бірақ, бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субъективт жарияланымдары арқылы халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда, «Алтын Орда» гезетін ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді.
Президентіміз Н. Назарбаев: «Қазақстаның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде саяси демократия - тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға қонымсыз болар еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi

Кiрiспе
Елдiң дүниежүзiлiк экономикаға белсендi кiрiгуi, елдiң егемен кредиттiк рейтингiнiң жақсаруы, шетел инвестицияларының үлкен көлемiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (бұдан әрi - Yкiмет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) валюта режимiн ырықтандыру жөнiндегi жоспарлары Қазақстан Республикасының орнықты дамуында сөзсiз шешушi рөл атқарады.
Соған қарамастан, экономиканың ашықтық дәрежесiн арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды iшкi қаржы нарығын қалыптастыру қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ борыш құралдарының iшкi нарығын дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдауына алып келедi.
Бiрiншiден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз етудi және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және iшкi нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл - мемлекеттiк сектордың борышын басқару тетiктерiн жетiлдiру және қажеттi нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары атты кустық жұмысымның өзіндік ерекшелігі - коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру, олардың негізгі атқаратын операциялары жөнінде және де олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты әрі толығырақ мәліметтер сипаттплады.
Жалпы мақсаты – коммерциялық банктердің операцияларын теориялық бағытта қарастыра отырып, мазмұнын, мәнін толығымен ұғыну.
Субъектісі - осы операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айтуға болады.
Ал негізгі зерттеу объектісі – коммерциялық банктердің қызметтері мен оперциялары болып табылады. Осы объектіге сүйене отырып, келесідей міндеттер туады:
- жалпы коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру джөніндегі түсінікті кеңейту;
- пассивтік операциялар дегеніміз не, оның қалай қалыптасатынын түсіну;
- активтік операциялардың ұғымы мен пайда болу көздері жөнінде;
- басқа да есеп айырысу-кассалық және комиссионды делдалдық операцияларына көңіл бөлу.
Ал енді менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады.
I-бөлімде 3 сұрақ қарастырылады. 1-сұрақта жалпы банк ұғымы, қалыптасу тарихы, коммерциялық банктер жөніндегі ұғым, банкті ашу кезеңі, қызметі мен операциялар түсінігі, ұйымдастыру процессі қарастырылады.
2-сұрақта коммерциялық банктердің қызметіндегі рөлі жоғары пассивтік операциялардың маңыздылығы, ресурстардың жинақталуы, формалары, құрылу көзі, меншікті және тартылған қаражаттар ұғымы, қаражаттарды жинақтау тәсілі жайлы.
3-сұрақта банктердің табыс алу және өтімділігін қамтамасыз етудегі активтік операциялардың мазмұны, түрлері, лизинг, факториг және форфейтинг операциялары қарастырылған.
Ал II-бөлімде банктің басқа да операциялары жөнінде, яғни есеп айырысу-кассалық, комиссионды-делдалдық операцияларының қалыптасуына тоқталдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: В әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекет нысандары

Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
• Мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
• Жоғары және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
• Жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
• Жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Меншік мәні қатынастары мағынасы иесі

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік. ....
Рефераттар
Толық
0 0