Курстық жұмыс: География | Балқаш көлі алабының құрлысы

Кіріспе
Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы ВВП

Кіріспе
Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар: математикалық статистика, ықтималдылықтар теориясы, эконометрика және т.б. ілімдер.
Қазір біздің қоғамдағы болып жатқан процесстерге әр түрлі көзқарастар бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

КІРІСПЕ
Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып табылады және банктік несиенің елімізде кеңеюін қолдауда. Банк несиесі экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге жағымды жағдайлар жасалуда, бірақ олар шектеулі қолдануда. Бұл банктік жүйемен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік секторға шығатын несиелік және волюталық тәуелділікті күшейтеді. Осы бітіру жұмысында банк несиесінің сатылары және оны талдау, оның айналыс дәрежесі, сонымен қатар оның кеңею жолдары қарастырылады.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түріне қарағанда жоғарғы тәуелділікпен ерекшеленеді, ал банктердің ең басты қызметтерінің бірі — банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбінесе несиелік тәуекелге ұшырайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді. Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Елизавета Тюдор

Кіріспе
Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.
Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның болуымен сипатталынды – Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және Стюарттар: Яков-I, Карл-I. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бәрін білгім келеді

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.

Жүру барысы:
Жүргізуші.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мүгедектердің жағдайын жақсарту

Кіріспе
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік проблемаларын халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз бір топпыз ойыны

Мақсаты: - топта бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- топтың бірлігін қамтамасыз ету.

1. «Баспа машинкасы» ойыны
Ойынның барысы: «Бүгін біз топта қалай жұмыс істей алатынымызды тексеріп көрейік. Ал, ол үшін баспа машинкасымен сөздерді басу процесін көзімізге елестетіп, оны ойша және еркін орындап көруіміз қажет». Біз машинкамен басып шығатын сөз өзімізге таныс өлең жолдарынан алынған болса болады. Мысалға, «Алтын күн аспаны...». Әрбір қатысушы өлең жолдарында берілген сөздердің бір - бір әрпін дауыстап атайды да, қолымен жазады («Алтын күн...»). Әрбір сөз жазылып біткен соң тыныс белгісінің орнына барлық қатысушылар орындарынан тұрып аяқтарымен жерді тебеді, ал әрбір жол аяқталған кезде қолдарын шапалақтап соғады. Осы арада айта кетер жайт, ойынның бір шарты бар: қателескен бала - ойыннан шығады. Сонымен бірінші оқушы бірінші әріпті атап, ауада жазады, ал екінші оқушы – екінші әріпті... Тыныс белгілерін ұмытуға болмайды.
«Бастадық, енді кімнің ойыннан шығатынын, ал кімнің жеңімпаз атанатынын байқайық!». Барлықтарыңызға рахмет! Осымен ойынымыз аяқталд .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0