Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ғы ипотекалық несие саясаты

Ипотекалық несиелеу - жылжымайтын мүлікке бейімделген ең маңызды механизм. Жылжымайтын мүліктің құнына және сатып алушылардың ағымдық табыстарының деңгейі арасындағы қайшылыққа келеді. Осы жағдайда сатып алушылардың ағымдық табысы арқылы сатып ала алмайды. Ипотекалық несиелеудің жүйесі неғұрлым дамыған болса, онда жылжымайтын мүліктің нарықтық айналымы табысты болады.
Ипотека - алдамшы жай құрал: несие беруші несие береді, жеке меншік мүлігі бар қарыз алушы. Ипотекалық нарық сол елдің экономикалық жағдайын көрсетеді. Мысалы; ипотека мына жағдайларды куәландырады:
1) валютаның тұрақтылығын, ол тек қана айырбастау құнын ғана емес, тары да валюталық құнын сақтайды.
2) жеке меншіктін құндылықтарының ағымдық ақша бірлігіне және болашақтағы сұраныс меншігіне болжау жасайды. Ипотека басқа несиелік формасында, ол қарыз алушының болашаққа көз қарасын білдіреді. Осы курстық жүмыста қазіргі уақыттағы Қазақстандық нарықтағы ипотекалық несиелеудің ағымдық құндылықтарын және оның болашақта алатын орны көрсетілген.
Басында баспанаң болса, «екі қолға бір күрек» табылады. Бұл қазіргі заманғы қарапайым қағида. Ал баспана базарға барып сатып ала салатын алма, жүзім емес. Сондықтан да еліміздегі тұрғын үй проблемасын шешудің бүгінгі таңдағы бірден - бір жолы ипотекалық несиелеу жүйесімен тікелей байланысты болып отыр. Кейінгі кездері бұл жүйенің жоғары пайыздық ставкаға құрылуы, аз мерзімге берілуі және тұрмысы орта тұрғындардың жағдайына сәйкес келмеуіне байланысты кемшіліктері көп айтылып жүр.
Президент әкімшілігі сарапшыларының есептеуінше, алдағы үш жылда 200 мың отбасының немесе 1 миллионға жуық адамның ипотека мен түрғын үй жинақ жүйесін пайдалануға мүмкіндігі бар.
Бірақ тұрғын үй нарығында қазірдін өзінде сұраныс ұсынысты толық қанағаттандыра алмай отырғаны белгілі. Сондықтан, 2007 жылға дейін жыл сайын тұтынуға берілетін үйдің шаршы метрі екі есеге көбейеді. Бұл үшін 2007 жылдың соңына қарай 12 млн. шаршы метр үй салыну керек. Басқаша айтқанда, жыл сайын салынатын үй көлемі 4 млн, шаршы метрді құрамақ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпорын | «ТАС - ҚҰМ» акционерлік қоғамында еңбекақының ұйымдастыру

Кіріспе
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Өлкеме бардым сонырқап)

Өлкеме бардым сонырқап,
Өрінен жыр тыңдадым.
Теңіздей дала толқындап,
Өріске жайған тың дәнін.
Тауыма бардым таңырқап,
Ұқтым сырын тасынан.
Қуатын қырға тау шырқап,
Шамшырақ атқан асылдан.
Асып талай қырқадан,
Асыға кездім ой-шыңын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Нарық құрылымдары және олардың түрлерi

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Елена Дмитриенко Александровна

Дмитриенко Елена Александровна – «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның балалар және пионерлер ұйымы одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Алтын патент» иегері (Мәскеу қ., 2002 ж.).

«Өнерге, шығармашылыққа жақын тұлғалаларды жоғары адамгершілік заңдармен өмір сүруге, Отанымыз Қазақстанның дамуына үлесін қосуға қабілетті адамды тәрбиелеу – бағдарламаның басты мақсаты. «Жұлдыз» бағдарламасы өмірден өз орнын табуға ұмтылған, жарқын әрі қайталанбас тұлға болып қалғысы келетіндерге бағытталған бағдарлама. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ұжымдық жұмыстарды, балалармен тәрбиелік және дамытушы жұмыстарды жоспарлаған кезде қолданыла алады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елдің бейбіт ұрпағы

...Жасқанып өскен, жаумен жағаласа алмайды... Жастарды біз ержүрек етіп тәрбиелеуге міндеттіміз» -деген Бауыржан Момышұлының өсиетті сөзін оқып, терең ойға көмілдім...
Қазақтың мақтанышына айналған хас батыр ғана осылай қасқайып тұрып айта алады. Бұл жай тілек емес, бұл – аманат , бұл – тағлым. Ерлік жасау үшін ержүрек қана болмай, елін, жерін сүйетін үлкен жүректі азамат болу керек. Батыр туған жерінің қасиетті топырағынан, суының тұнығынан, елінің парасаттылығынан жаралады екен. Сол бір зұлмат соғыс – Ұлы Отан соғысында аталарымыз Жеңіске жетті. Ұлы Жеңіске оларды жетелеген – жасқанбайтын өр мінездері, жауына бітіспес өшпенділігі. Ұлы Отанын қорғаған Кеңестер Одағының әр азаматы Жеңіс күнін жақындатып, қасық қаны қалғанша күресті. Сұрапыл соғыстағы Жеңіске биыл 70 жыл толады. Содан бері 70 рет жиде гүлдеп, 70 рет қайың бүр жарды...
Арысынан айрылған аналар, боздағынан айрылған сұлулар, әкесінен айырылған балалар сан мыңдаған рет терең күрсініп үнсіз көз жасын төкті...Иә, 70 жыл аз уақыт емес... 70 жылда үш ұрпақ дүниеге келіп, өсіпөнді. Бірақ соғыс салған жүректегі іздер әлі жазылған жоқ. Жазылмақ емес, өйткені адамзат тарихындағы бейбіт жатқан елге жасалған жауыздық, көзден аққан қанды жас, дүниеге келмей жатып жетім атанған баланың көз жасы ешқашан ұмытылмайды. Иә, «Ерлік ел жадында сақталады» дегендей, ұрпақтан-ұрпаққа олардың ерліктері жайлы естеліктер жазылып, тарихи бағалары берілді, әлі де берілері хақ......
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Жүрекке әмір жүрмейді

Жүрекке әмір жүрмейді деген шын екен. Мен өмірімде бір жігітті кезіктірдім(досымнын туған күнінде).Бір көргеннен ғашық болдым. Сол вечерде таныстық, сөйлестік,тел.ном сұрагасын бердім. Адамдар тарқасып жатты, қоштасарда бетімнен сүйейін деді.Сүйгізбедім. Себебі бұл менің алғашқы жігітпен танысуым еді. Ол - неге? деп сұрады.
Болмайт,дедім. Содан ертесі соқпады. Мен күтіп жүрдім. Себебі ғашық болғандаймын. 2ші куні соқты. Сөйлестік,сырластық. Күнде солай жалғаса берді. Оның айтуы бойынша қызы жоқ екен. Бірақ ол жайында сұрастыра келе олай емес екен. Қаламыздың барлық қызымен жүргендей бәрі таниды екен.
Бірақ мен құлай ғашық болдым сол жігітке. Одан сұрадым шындығын жасырмады, жүріпті талай қызбен(әдемі жігіт өзі). Бірақ ол айтатын қай қызға барсамда саған айналып келем,себебі сені шын сүйем, саған тиіспейм деді. Талай айлар сөйлестік, кездестік. Басқа қызға баратынын білсемде күттім оны, маған оралар дедім, сүйдім оны, бірақ оның артынан жүгірмедім (намысым жібермеді). Әйтеуір бір күні келер дедім. Содан өзі хабарласқысы келген кезде хабарласты. Бірақ мен ешқашан оны іздеп соққан емеспін. Одан жылдар өтті сөйлесіп жүрміз әліде. Енді маған үйленейік дейді. Мен оған "жоқ" деп қарсылығымды айттым. Себебі ойландым, мен оны қанша қатты сүйсемде,намысымды таптауға жол бере алмадым. Ол қазірдің өзінде басқа қыздарға барып тұрып, мені сүйседе қарсы болдым. Себебі бұл әдетін маған үйленген жағдайда да қоймас еді, оның еті үйренісіп кеткен соған. Мен оны әліде сүйем......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Генетикалық ақпаратты сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқымқуалау мен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақ тақырыбы: Генетикалық ақпаратты сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік
Оқу мақсаты: ● Хромосомадағы генетикалық ақпараттың ДНҚ ролін түсіндіру
Сабақ мақсаты: Оқушы біледі:
● Генетикалық материал ,ДНҚ,нәруыз түсініктерін.
● Хромосомадағы ДНҚ ролін.
Оқушы түсінеді:
● ДНҚ қос спиралін.
● Жасушаның бөлінуі арқылы ағзаның өсуі.
Оқушы жасай алады:
● Белгілерді сақтау және берудегі ДНҚ маңызын түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біледі:
оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың анықтамаларын және олардың арасындағы генетикалық байланысты біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0