Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?») Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және өңдеу 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру; 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру; 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан Сабақтың мақсаттары: Оқушылар... • мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді; • мәтіндік редакторды іске қосады; • компьютерлік мәтінді өндейді; • арнайы батырмаларды қолданады; • құжатты сақтайды.......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақ тақырыбы: Бүкіләлімдік тартылыс заңына есептер шығару 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.2 – бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппараттарының қозғалысын сипаттау Сабақ мақсаттары: Оқушылар кез келген массасы бар дененің айналасында гравитациялық өрістің бар екендігін өзара тартылыс әсерінен пайда болатындығын және ғаламшар айланасындағы ғарыш аппараттарының қозғалысы бүкіләлемдік тартылыс күшіне байланысты екенін түсіндіреді.........
Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын - тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.
Сол әндегі: -Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса, - деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады. Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес.
Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.
Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.
Кіріспе Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі тұрақты түрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады.Еліміздің эконамикасы да үнемі өркендеп ,дамып келеді.Бұл әрине ең алдымен ұтымды экономикалық реформалардың нәтижесі, сондай –ақ Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігінің банк жүйесін дамыту банктерде жинақталған жалпы капитал мөлшеріне қойылатын нормативтік талаптарды күшейту ,банк жүйесінің тұрлаулылығы мен сенімділігін олардың ел ішіндегі және халықаралық капитал рыногындағы бәсеке қабілеттілігін өсіруді қамтамассыз ету бағытындағы ұстанып отырған саясаттың нәтижесі. Банктер арнайы қаржылық мекеме бола отырып ,өздеріне тән жарғылық капитал мен қаржы рыногында мамандану ерекшелігіне қарамастан бірінші кезекте банкке қаржы салушы халық сенімінің артуына тәуелелді болады . Бұл олардың қызметінің әлеуметтік мәні бар бөлігі ,әрі экономикалық өсімді жеделдетуге ықпал ететін кредиттік, депозиттік операциялар көлемін кеңейтудің қосымша көзі . Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары олардың есебінен банктің активтік опнрацияларының басым бөлігі жүзеге асырылады. ....
Валюталық - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері "вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды. Валюталық жүйелер материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді. Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды....
Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін. Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады. Монетаризімнің Чикаго мектебі – неошебералистік қозғалыстағы американдық монетаризмнің өзектілігі 50 –ші жылдардың соңы мен 60 –ші жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығының (1976 ж) лауреаты М. Фридменнің (1912 жылы туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және оның жақтаушылары кейномандық ақша емес фактордан (мысалы инфляцияның) гөоі ақша факторын қалады. Филипистің қисық сызығының пайда болуы, М. Блауг айытқандай, кенсандық революция кезеңіне тән қарапайым экономикалық кеңестерге деген экономика ғылымындағы алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А. У. Фелипстің эмперикалық қисық сызығымен байланысты еді. М. Блауг экономикалық саясаттың мақсаты ретіндегі инфляцияның толық жұмыспен қамтудың кенсандық идеясын жалпы еткізді деп жазды. Конфликтерде бағаның тұрақтылығы мен жұмысыздық қатар тұра алмайды; жұмысыздықты азайту инфляцияны жеделтету арқылы мүмкін, ал инфляцияны төмендету жұмысыздықты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық қамтудытаңдау келді. М. Фридмен және оның жақтаушылары Филипстің конструкциясын зерттей келе, былай дейді; қисық сызық тұрақты емес, әсіресе 60- шы жылдардағы әлем елдеріндегі экономикалық ситуацияның өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартпай, керісінше ұлғайтты, 70 – шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен жұмысыздық өсті. Бірақ монетарлық экономикалық ой – пікір келесі АҚШ – тағы республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика деп аталып, доллардың нақты нығайту арқылы инфляция баяулайды дейді. ....
Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi. Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi. Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды. Жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді. Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» жолдауында нақты көрсетілген. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек. Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету шараларын мықтап қолға алғандықтың белгісі. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін ....
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ». Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды. Міне осы жайлы біз сөз қозғаймыз. ....
Жүйелік теориясы мен жүйелік талдау немесе қысқаша айтқанда – жүйелік қолайлылық 25 жыл бойы қолданылып келе жатқанымен бірқалыпты шешімін тапқан жоқ. Бұның басты себебінің бірі адам өміріндегі іс-әрекеттердің тұрақты болуын, сонымен қатар бұларды адам өмірінде қолданудың мүмкіндіктері болды. Тіпті жүйе түсінігінің өзінен көптеген варианттарды анықтауға болады. Мысалы, оның бір бөлігі философия негіздерінде терең еніп жатырса, ал басқасы белгілі бір жағдайларда, біздерді тәжірибелік тапсырмалардың жүйелік жобасын іске асыруда қолданады. Осылардың алтын қиылысын таңдай отырып «жүйе» терминінің көптеген жекелеген объектілері арасындағы байланысты түсінуге болады. Егер де біз ең болмағанда осындай объектілердің екеуін байқасақ, яғни: мұғалім мен оқушы, сатушы мен сатып алушы, теледидар мен ондағы хабарларды жеткізіп отыратын станция мен және т.б. – осының осы «жүйе» болып есептеледі. Қысқаша айтқанда, кейбір кемшіліктеріне қарамастан жүйенің көмегімен қоршаған орта мен мына біздер тіршілік етеді екенбіз. Бұл өмірдің артықшылығын жүйелік қолайлылық көз қарасынан байқайық: қою және шеше білу мүмкіндігі, тым болмаған жағдайда екі шешім: ....
Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғамдық іс әрекеттң негізгі институттарын тәжірибелі реформасымен мінезделеді. Мемлекеттік бюджеттің табыстық бағасының құрылу механизмі және негізі қатты өзгерген. Салық мағынасы қазіргі заманда оның фискалдық функцияларымен ғана шектелмейді. Мемлекеттің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуына деген талап мемлекеттік реттеудің әр түрлі формаларымен әдістерін қолданудағы көзқарастарды түбімен жаңадан бағалауды, сонымен қатар мемлекеттің қолындағы әмбебап құралы ретіндегі салық механизімін қайта қарауды талап етті. Қазақстан Республикасындағы реформалаудың жалғасы қаржылық және салықтық-бюджеттік мемлекеттік жүйесінің әрі қарай дамуымен байланысты. Салық жүйесі дамуымен өзгеруінің дербес стадияларында жатыр. Қазақстанның салық жүйесі өзінің даму тенденциясын зерттеу барысында сувериненттің бірінші жылдарында оның фискалдық мінездемесін жоғары екендігіне және оның дамытушы құрамдарының төмен екендігі жайлы қорытынды жасауға болады. Қаржының тепе-теңдік пен инфляцияға қарсы шараларға негізделген салық жүйесі Қазақстан экономикасының дамуының жаңа талаптарын шеше алмайтындығын көрсетті. Ұлттық салық жүйесінің әрі қарай реформалау нәтижесінде және салық кодексінің қабылдануы салық басқарушылығы жақсарды және салықтың негізгі топтарының іс-әрекет механизмі жеткілкті шешілген.....