Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу Сабақ тақырыбы: Проблеманы анықтау 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру Сабақ мақсаты: жоба үшін проблеманы тұжырымдап, жобаның жоспарын жасау.....
Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да:
«Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»,—деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын Жандыбатыр деп қояды.
Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде балаға бақ қонып батыр болады, өзі алпауыт дәу болады, отырған орнынан жетпіс кісі тұрғыза алмайтын болады.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия Сабақ тақырыбы: ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты орнату Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі: - ДНҚ негізгі құрылымын Оқушы түсінеді: - ДНҚ құрылысының оның қызметімен байланысын Оқушы жасай алады: - ДНҚ моделін жасайды......
Ұлы Октябрь социалистік революциясы қанауға негізделген ескі қоғамды жойып, еліміздің қоғамдың өмірінде жаңа өзгерістер жасауға кірісті. Соның бірі оқу-ағарту ісіндегі ірі өзгерістер еді. Октябрь революциясынан бұрын мектеп буржуазия үшін таптық қанаудың құралы болып келсе, енді мектепті коммунистік қоғамды құрудың құралына айналдыруды міндет ету көзделді. Барлық оқу-ағарту жүйесін революциялық түрде қайта құру міндеті Ұлы Октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден басталды. 1917 жылдың 9 ноябріндегі декрет бойынша, оқу-ағарту жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды, ол еліміздегі халық ағарту ісін қайта құрудың негізін жасауға кірісті. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің талабына сай Халық ағарту комиссары A.B. Луначарский халыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жолдады. Бұл үндеуде Совет үкіметінің халық ағарту саласындағы міндеттері және оны ұйымдастырудың принциптері жарияланды. Ол үндеуде негізінен мынадай мәселелер сөз болды: жаппай міндетті бастауыш оқу, мектептің барльщ басқышының жалпыға бірдей болуы, мектептің дінсіз сипатта болуы, мектеп құруда жергілікті ерекшеліктермен қатар, ұлттың ерекшеліктерді ескеру, жаңа мектепті құрудың барлық мәселелерін талқылауға мұғалімдерді араластыру. Мұғалімдер де, оқушылар да жұмысшылармен, революцияшыл халықпен тығыз байланыста болуға тиіс. Бірінші советтік Халық ағарту комиссарының қолымен жазылған алғашқы оқу-ағарту жөніндегі документтер сол кездегі революцияшыл идеялардың пафосын көрсетті. Олар: «Россия азаматтарына үндеу», «Барлық оқытушыларға», «Барлық оқушыларға» Наркомпростың шағын программасы болды. ....
Кіріспе Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады. Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады. Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.....
Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін , ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болады. Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды. ....
Қазақстан президентiнiң халыққа бiрден-бiр ұзақ мерзiмдi басты Жолдауы – “Қазақстан-2030” – мұнда «экономикалық өсу, ашық нарықтық экономикада жоғары деңгейде шетелдiк инвесторлар және iшкi ақша жинағын тартуға негiзделген. Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Олар меншiк қатынастары; шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiнiң дәрежесi. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр. Нарық – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде , қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды. Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы нарықтық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады. Сондықтан мен эконоимикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы және дамуы” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қ.Р-ның Президентi Назарбаев Қазақстандық Қаржылық Конгресте өз жолдауында экономикалық секторлардың нақты дамығандығын көрсететiн құнды қағаздар рыногының айрықша маңызы барлығын атап көрсеттi. Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды. Мұндай жүйе бiздiң мемлекетiмiзде нарық қатынастарын қалпына келтiру қажеттiлiгi туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.....
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты. Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды: • Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты; • Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету; • Еуро Одақтың даму тенденцияларын зерттеу; • Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу. Тақырыптың дерекнамалық негізі: Дерекнамалық негіздер ретінді Еуро Одақ пен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттары және халықаралық қатынастарда алатын орыны алынды. ....
Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу. 2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. 3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Түрі: Ертегі сабақ. Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: - Балалар қазір бізге қандай сабақ? - Сауат ашу сабағы. - Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па? Үй тапсырмасын тексеру. - Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т. б. .....