Сабақ жоспары (ұмж): Тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4А бөлім: Тригонометриялық формулалар
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.4.10 тригонометриялық функциялардың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
Сабақ мақсаттары: тригонометриялық функциялардың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қорытып шығара біледі және оларды есептер шығаруда қолданады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Векторларға қолданылатын амалдар
Сабақ тақырыбы: Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.2 - векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;
9.2.1.3 – вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу;
Сабақ мақсаттары: Вектор ұғымын түсіну;
Векторларға түрлі амалдарды пайдаланып есептер шығара алу;
Вектордың координата остеріндегі проекциясын және таңбасын көрсете алу;
Дене тыныштық күйінде қалу үшін күшті график түрінде кескіндеу;
Қорытқы күшті таба білу.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бекарыстан Амангелдіұлы

Бекарыстан Амангелдіұлы шамамен 1785-86 жылдары өмірге келген, 1867-68 жылдары қайтыс болған. Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі.
Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық есепке алу

Кіріспе.
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қызметін талдау ЮТЕКС мекемесі

Менің таңдаған тақырыбым кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру. Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен адам әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыруы мен оны іске асыруында үлкен маңызға ие. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөліміне түсініктеме бере кетсек, 1 - бөлімінде кәсіпкерлік қызметінің даму тарихы (эволюциясы), жалпы кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдамалар, ғалымдар мен экономистердің еңбегі жайлы, ой пікірлері баяндалып айтылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар, нақты дамыту бағыттары кәсіпкерліктің түрлері, қызмет мәні, субьектілері берілген. 2 –бөлімі кәсіпорын қызметін талдау, бұл бөлімінде АО «ЮТЕКС» мекемесінің жалпы сипаттамасы, шаруашылық қызметі, кәсіпорынның негізгі құралдарына түсінік. Сондай-ақ қызметкерлердің жалақы жөніндегі мәліметтер, тікелей есептеу әдістері берілген. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шаралар қарастырылып кеткен. Ал 3-бөліміне келсек кәсіпорынға әкелетін кедергілер әсер ететін факторлар. Кедергіні болдырмау шаралары көрсетіліп айтылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қазақстан территориясында шаңды дауылға зерттеулер жүргізу

Кіріспе
Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады.
Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады.
Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.
Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы

Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі –кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп психологиясы

КІРІСПЕ
Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Совет педагогикасының қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие-мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.
Советтік педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің даыуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы маркстік ілімге сүйенген. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемелерінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материалдың өмірінің жағдайларына сай белгіленген.
Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының марксист зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.
Советтік педагогика тарихы советтік педагогика ғылымы мен совет мектебі тәжірибесіне шолу жасау курстық жұмыстың мақсаты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0