Шығарма: Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Халқын сүйген Абай

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!


Шынында да Абай ақын қазақ үшін жаратылған ерекше тұлға. Ол өз заманының талай надан, бәлеқор, пайдақор адамдарымен жалғыз өзі күресті, қарсы тұра білді.Оларға өмірдің қайнар көзі – білімде, өнерде екенін ұқтырды және де болашақ ұрпақтары біздерге өшпес мәңгі мол мұралар: өлеңдері, қара сөздері, поэмалары,түрлі тақырыптағы шығармаларын қалдырып кетті. Абай- мәңгі ғасырлық тарихи тұлға. Ұлы Абай өз қоғамындағы адамдармен күресіп жүріп, ішкі ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып қалды. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дарып, әр балаға рухани азық сыйлап келеді.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Өлке тарихының батырлық белестері

Қазақ батырларының жеңісі ұлтымыздың жадында мәңгі болмақ. Соғысқа қатысушылардың ерлігі еш ұмытылмас. Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,асты қайғы-қасіретке толы қаралы, үрейлі сөз. Осы айқаста жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болғандар да жоқ емес. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен батырларға мың алғыс.

Менің ойымша, осы бүгінгі ашық аспанымызға жетуге дейінгі соғыстарды екіге бөлуге болады. Бірі, атты әскерлермен қара қанға батқан Қанжығалы батыр, Қарабай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батырларымыз әскерлерімен болған қорқынышты соғыстар. Аталып өткен қолбасшылар әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресетін аса көрнекті ұйымдастырушылар. Атты әскердің қолбасшылары осындай батыл болғаны, әскерінің де мықты және аянбай шайқасатын, ержүрек батырлар екенін мәлімдейді. Екіншісі, 20 ғасырда болған Ұлы отан соғысындағы қазақ батырларының фашистермен шайқасында өз үлесін қосуы болмақ. Бұл соғыста фашистердің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.

«Шөлде суыңды сақта,Соғыста туыңды сақта» деген уәждемемен өздерінің алдына мақсат қойып, ешқандай тосқауыл оларға төтеп бере алмаған, ержүрек соғыс қатысушылар-көк аспанымыздың айнасы деуге болады.

Бауыржан Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» атты шығармасындағы бейнелер әлі есімде. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде автор қазақтың «Білекті бірді, айлалы мыңды жығады»мақалының кұдірет-күшіне тамсанған. Осы әңгімеде Мұхаметқұл Исламқұлов әлі де жас болғанына қарамастан еліне қызмет еткісі келді, әрине, ол басында уайымдады, қорықты, бірақта оны алға қарай тартқан мақсат! Шығарманың шарықтау шегі кезінде осы жас жауынгердің қарамағына одан жасы үлкен ағаларын жіберген кезде, олар жас балаға бағынғысы келмегенін көре аламыз. Сол кезде ақын, әрі батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика негіздері
Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау
Сабақ мақсаттары: • Үдеу деген физикалық шамамен танысу, үдеуден жылдамдықты анықтай алу, орын ауыстыруды есептей алу
• Қозғалыстың түрлерімен танысу, ерекшеліктерін ажырата алу. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Материктер мен мұхиттар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады;
материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін жоспар бойынша сипаттай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тетраэдр және параллелепипед 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
Сабақтың тақырыбы: Тетраэдр және параллелепипед 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
- тетраэдрдің анықтамасын біледі;
- жазықтықта тетраэдрді және оның элементтерін кескіндейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы мен валюталық биржалардың мәні

Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып, ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылай келісімге келу үшін кездесетін оры....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Жарнама-3

І. Кіріспе
Жарнаманың психикалық әсеріне - зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін әлеуметтік- психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге - когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды компоненттерді жатқызуға болады.
Жалпы алғанда жарнама ол информациялар емес, әуелде солай көрінгенімен ол адамдарды психологиялық бағдарламалау. Бұл жағдай өте қауіпті, ерте ме, кеш пе ол бізді экономикалық ғана емес, өнеге сферасында да басқарады, нәтижесінде тауардың бар екенін біліп ғана қоймай, оны сатып алуымыз керек. Жарнаманы зерттеу арқылы, қоғам күйін де анықтауға болады.
Жарнама мен тұтынушының мінез-құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез-құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден маркетингпен айналысатындар мінез-құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлардан қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек.
Жарнама іс-әрекеті- қоғамдық сананың бір формасы. Тұтынушының психологиясымен білу жарнама маманына нақты өз аудиториясын дұрыс табу, психологиялық әсер ету факторларында бағдарлануға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0