Реферат: Экономика | Аудитті жоспарлау

Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау шараларын бастауға болады. Аудитор анықтау керек, жағдайға сәйкес қандай дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен жинау керек. Бұл процесс белгіленген жолмен тексеруді талап етеді, сондай-ақ, стратегияда болып табылатын, осы арқылы аудитор шынайы мәліметтер ала отырып, қаржылық есептілік туралы ой – пікірін жазуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тексерудің стратегиясы тексеру жүргізгенде мүмкіндігінше мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы талдау негізі болып табылады және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне байланысты аудиторлық серіктестік фирмалар мен клиенттің ұзақтығына, яғни клиенттің біліктілік деңгейі, аудитормен шығарылатын есептің ерекшеліктері және басқа да факторлар. Стратегиялық тексеріс шараларының көлемі мен уақыты бөліп тарату әдісі көрсетілген, аудиторлық дұрыс тексеріс жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл тексеріс жүргізудегі жалпы жоспар мен бөлшек шараларының арасынмдағы байланыстырушы буын болады, бағдарлама мазмұнында қаралған, сонымен қатар белгіленген шаралардың нәтижелік пен тиімділікті бағалаудың негізі болып табылады.
Аудиттің 200 халықаралық стандартына сәйкес «Қаржылық есептілік аудитін реттеудің мақсаты мен жалпы қағидалары» термин «аудит ауқымы» аудиттің шараларына жатады, кейбір жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажет етеді. Қаржылық есептілік аудитінің ауқымын анықтаған кезде 3 негізгі сатысын бөліп көрсетуге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай қоры және мұнай дауы

Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.

ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЛАР ДАУЫ

Жердi бөлiсе алмай таусылған кейбiр елдер ендi мұхит пен теңiз түбiне таласуда. Өйткенi, сарқылуға айналған табиғи ресурстардың игерiлмеген бөлiгi судың астында сақтаулы.
Жер бетiндегi түгелiсiп бара жатқан табиғи ресурстар үшiн күрес қыза түскен. Мұнай мен газ, бағалы және түрлi түстi металл, тасымал жолдары шектеулi көмiрсутегiлер әлемдiк саяси сахнаның күн тәртiбiне шықты. Кремль дайындаған “Ұлттық қауiпсiздiк стратегиялары” атты құжатта әлемдiк қорлар жолындағы тайталас Арктика, Таяу Шығыс, Баренцево мен Каспий теңiздерi, Орталық Азиядағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттерде орын алуы мүмкiн екендiгi айтылған. Халықаралық агенттiктер тарапынан ұсынылған деректерге сүйенсек, алдағы 10-15 жылда Жер шарында табиғи ресурстарды иемденудi көздейтiн күрес жиiлейдi. Өйткенi, жұмыр Жерге бұйырған мұнай мен газдың игерiлмеген бөлiгi (100 миллиард баррель) Солтүстiк Мұзды мұхиттың түбiнде жатыр. Қазiргi кезде миллиардтаған “қара алтынға” қожалық ету құқығына АҚШ, Дания, Норвегия, Канада мен Ресей таласуда. Тiптi, АҚШ, Канада мен Ресейдiң мұхит жағалауына тұрғызған әскери қалашықтары бар, ал қарулы қақтығыстарға дайын тұрған әскери қару-жарақтар кез келген сәтте берiлуi мүмкiн бұйрықты күтiп, қаңтарылған. Орыстар әскери-теңiз күшiнiң үштен екiсiн солтүстiк бөлiкке шоғырландырса, оларға қарсы Құрама Штаттардың әлемдi айбынымен ықтырған Екiншi флоты тұр. Мамандардың көпшiлiгi алдағы онжылдықта Жер шарында болмаған ең сұрапыл соғыс осы энергоқорлардың соңғы сарқыны сақталған Солтүстiк Мұзды мұхиттың төңiрегiнде болатынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, Арктиканың жағалауына жататын 5 мемлекет – АҚШ, Канада, Дания, Норвегия мен Ресей тек өздерiне тиесiлi жағалауда 200 мильге ғана иелiк етсе, мұхиттың қалған бөлiгi ешкiмнiң қожалығында емес. Мұхиттың бөлiгiн барынша молынан қарпып қалуға тырысқандарға БҰҰ тарапынан талап қойылды: егер мүдделi мемлекеттер мұхиттың өзге бөлiгiндегi елмен шектесетiн шекараларды анықтаса, мұхиттағы қосымша бөлiкке ие болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқықтық сана жалпы түсінігі

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Тасқараұлы Азамат (1990 жылы 20 қараша)

Тасқараұлы Азамат - ақын, (1990).

Азамат Тасқараұлы 1990 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Феклистовка ауылында туған. 2007 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы арнайы-облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатын бітірген Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қарасазда өткен Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық мүшәйраның 2006 жылы 2 орын, 2007 жылы гран-при иегері, Аягөз қаласында өткен кәсіптік ақындар мүшәйрасының лауреаты, облыстық Т.Нұқай атындағы жыр додасының гран-при иегері, Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қордың «Мұқағали мұрасын насихаттауға қосқан елеулі еңбегі үшін» грамотасының иегері, «Свободной музы приношенье» аймақтық әдеби конурстың екі дүркін гран-при иегері, Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына арналған мүшәйраның 1 орын иегері т.б.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Сәуле Досжан Мағазбекқызы (1959 жылы 2 қыркүйек)

Сәуле Мағазбекқызы Досжан (1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында туған) — ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі.

Өмір жолы
1974 жылдан бастап аудандық және облыстық Жетісу газетіне өлеңдері мен мақалалары жарық көре бастады.
1982-1984 жылдар аралығында Социалистік Қазақстан газетінде тілші.
1987 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
1995-2000 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" газеті журналы Бас редакторының орынбасары, "Ұлағат" журналының тұңғыш редакторы.
2000-2002 жылдар аралығында Қазақ радиосында журналист.
2003-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі Аппаратында жауапты қызмет атқарған.
2018 - Әдебиет саласындағы беделді сыйлықтардың бірі «Букер»-2019 конкурсына қатысуда.
Қазіргі уақытта зейнетке шығып, шығармашылықпен айналысуда....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұрат Бисенбин (1972 жылы 11 қазан)

Мұрат Бисенбин - актер.
1972 жылы 11-қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Политехникалық институтын «ауыл шаруашылығының инженер-механигі» мамандығы бойынша бітірген.
«Рэкетир» фильміне түскеннен кеін Мұрат танымал бола бастады. Ол «Махамбеттің қылышы», «Гүлстан» фильмдерінде және «Әркім Голгофқа шыға алады» хикаясында ойнаған. Бисенбин қарапайым, денелі кинокейіпкер ғана емес. Ол – адал жар, үш баланың үлгілі әкесі, «Хабар» телеарнасында бағдарлама жүргізеді және өзін суретші ретінде танытуды мақсат тұтып жүрген азамат.
Кинодағы рөлдері:
2015 Бүкіл әлем аяғымыздың астында / Весь мир у наших ног (Қазақстан, АҚШ) - Куб – басты рөл
2013 Тұман (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
2012 Панчбот (қ/м)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Құрылымдалған сұраныстар 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер
Сабақтың тақырыбы: Құрылымдалған сұраныстар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.3.2 кестеден деректерді алу үшін сонымен қатар сұранысқа арналған тілін (SQL) қолдану.
Сабақтың мақсаттары: құрылымдалған сұраныс түсінігі (SQL),
құрылымдалған SQL сұраныстың синтаксисін (түрін) білу.
құрылымдалған сұраныстарын жасап үйрену......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Жау, дұшпан, қас

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Мұзға сүйенбе, жауға сыйынба.

Ағайын ала болғанда,
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан көбейіп,
Жау қолында бас кетер.

Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл келеді.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл келеді.

Ағайын
бар болсаң, көре алмайды,
жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
жақсы болсаң, күндейді,
жаман болсаң, жүндейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелектегі пропорционал кесінділер (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Шеңбермен байланысты бұрыштар
Сабақ тақырыбы: Дөңгелектегі пропорционал кесінділер
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): хордалардың, жанамалардың, қиюшылардың кесінділерінің пропорционалдылығы туралы теоремаларды дәлелдейді және қолданады ;
Сабақ мақсаттары: Қиылысушы хордалардың кесінділерінің қасиетін және шеңберді қиюшы кесінділерінің қасиеттерін ұғындыру және есеп шығаруда қасиеттерін қолдана білу бейімділііктерін қалыптастыру. Ақпаратты терең меңгерту. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерге не қажет? (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат әлемі
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерге не қажет?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.3.1 Өсімдіктің өсуі үшін судың, жарықтың және жылудың (мысалы, тұқым не тұтас өсімдік үшін) қажеттілігін зерттеу;
2.2.3.2. Өсімдіктердің күн энергиясын жұтатынын түсіну
2.1.1.2. Өсімдіктерге қанша су, жылу және жарық қажет екені туралы сұрақтарға жауап беру үшін өз тәжірибесін пайдалану
2.1.3.2.Өлшемдерді жүргізу үшін құрал-жабдықты дұрыс таңдай білу, мысалы өсімдік биіктігін анықтау үшін сызғыш пайдалану
2.1.2.2.Сұрақтарға өздігінен жауаптар табу жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаттары: Өсімдік өсу үшін су, жарық, жылуды қажет ететінін зерттеу;
Өсімдіктер күн қуатын сіңіретінін түсіну;
Болжамдар мен алынған нәтижелерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0