Сабақ жоспары (ұмж): «Теңсіздіктер» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: «Теңсіздіктер» бөлімін қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;
8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат теңсіздіктердің шешеді: интервалдар әдісімен, графиктік әдіспен;
• Рационал теңсіздіктерді шешеді;
• Екі теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді, олардың біреуі – сызықтық, екіншісі – квадраттық.
• Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
• Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді; ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дене мүшелері деген не? (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: «Дене мүшелері деген не?»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.4.5.1 Жеке бас гигиенасының пайдасы мен маңыздылығын түсіну, мысалы, қол жуу, тіс тазалау, тырнақ алу, тамақтану алдында қол жуу.
1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру
1.4.5.4 Оқу, ойын әрекетінде қауіпсіздік тәртіп ережелерін білу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Адамның дене мүшелерін ажырата білу, гигиеналық тазалық,
денсаулық күту, дене мүшелерінің қызметі
Көпшілігі: дене мүшелерін атау, білу, көрсету, ажырату.
Кейбір оқушылар: Дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсіну.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар және оның қасиеттері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар және оның қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.5 тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады
8.3.1.6 ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана
Сабақ мақсаттары: Параллелограммның анықтамасын білу, параллелограммның белгілерін қорытып шығару және қолдану;
Параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Отарқа талапты жастардың мектебі еді


Иә, шын мәнінде солай болды. «Отарқа» жаңадан ашылған тұста қалада кәсіби журналисті ашық күнде шаммен іздесе де табылмайтын. Бірақ Аманкелді аға әдебиеттен аз кем хабары барларды газетке тарта білді. Жассерік Сәдуақас газетке біржола орналасты, редактордың орынбасары болды.

Оған әр басшының табалдырығын тоздыра жүріп, қоярда қоймай үш бөлмелі пәтер алып берді. Екібастұз ауданына қарасты Өлеңті орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген менің әдебиетке деген қызығушылығымды, сөз саптасымды байқап (аудандық байқауға қатысып, баллада оқып, жүлделі орын алған едім) газетке – журналистикаға келуіме бірден бір себепкер болған, осы мамандықтың әліпбиінен бастап тәрбиелеген осы Аманкелді Қаңтарбаев болатын.

Ол жылдары шет тілінің маманы аз, Екібастұз аймағындағы көптеген мектептерде шет тілі оқытылмайды. Екібастұз аудандық білім бөлімінің басшысы Зейнолла Молдахметовтың қарсыласқанына қарамастан екі бөлмелі пәтерді тағы да редакцияның қарамағына алдыртып, мені отбасыммен Екібастұзға әкелді. Ес білгеннен Абайдан бастап, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабаков, Ғафу Қайырбеков, Мұхтар Мағауиндердің әдеби шығармаларын «Жұлдыз» бен «Жалын» журналдарынан оқып, отбасында ата-анамызбен бірге талдап, талқылап отырғандықтан болар, әдебиетке аса құмар болдым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Акционерлік қоғам Балхаш энерго ГЭС инвестициялық жобасын бағалау

Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі-инвестициялық әрекет болып есептеледі.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстары-ағымдағы шығындарды-қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады.
Инвестиция-бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы басқа белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.
Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді, жаңа кәсіпорынды сатып алады,бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады.
Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар.
Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активкеьақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімі

I.Кіріспе
1.1.Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты, құралдары
Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден-бір құрал.
Бюджет-салық саясаты ( қазыналық (фискалдық) саясат) – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шараларжұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет-салық саясатының (қазыналық экспансия) мақсаты – қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою. Ол үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендетуді немесе біріктірген, құрастырма шараларды жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімдік кезеңде ынталандырушы бюджет-салық саясаты өндіріс факторларын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Бұл кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Ал ол өз кезегінде Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері

Кіріспе.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы нарықтың қызмат істеу механизімі

КІРІСПЕ
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Жүйе

Әлеуметтік процесс дегеніміз- жалпы алғанда әлеуметтік ұйым жағдайының бірізділік ауысымы. Мысалы, салалық механизмнің жұмыс істеу процесінде техникалық прогрестің жаңартудан туындаған басқаруды жетілдіру сияқты оның құрылымда өзгерістер болды. Бұл құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін енгізуді ескі технологиялық процестерді жаңасына аса прогресивтілігіне ауыстыруды басқару аппаратының фунуцияларын қайта бөлуді және қайта ұйымдастыруды көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Аркадийдің фотолары)

Мынау достар!
Жас күніміз бірге өткен.
Аяулы еді, ыстық еді, түу, неткен!
Рахия, Күлтай, Башар, Ізімгүл
Жап-жас болып қарайды ескі суреттен.
Сол бір жылы ыстық жазда, июньде
Түскен едік, басқа — сән де, киім де.
Аркадийдің фотосы ғой,
баяғы......
Өлеңдер
Толық
0 0