Реферат: Орманды дала дала аймағының таралу құбылысы

Қара және шабындық қара топырақтары мен ала кебірлі кешендері 191 млн га жерді немесе ТМД аумағының 8,6 процентін алып жатыр. Қара топырақ Молдава мен Байкалдан арғы аралықтары орманды дала және дала аймақтарында тараған. Таралу алаптары Молдава, Украйна, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан.
Аймақтың климаты негізінен жазы жылы және қысы суық (шығысынан ызғарлы ), Болып келеді. Баты-Шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері азайып, климат ызғарлылығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлыылғы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа сәкес ішінде 240 С-дан 200С-ға және -40 С-дан 270 С-ға дейін төмендейді. Температурасы 100 С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азайатын болса, дала аймағына сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең.

Атмосфера түсім мөшері 500-600 ьь-ден (Кавказ алды) 300-350 мм-ге дейін (Батыс Сібір мен Солтүстіктен Оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шаашынның едәуір мөлшері (30-40 еуропалық, 50 проц. азиялық бөлігінде) жаз айларында түседі.
Бедері тұрғысынан Еуропа бөлегі әр тереңдіктегі және қашықтықтағы өзен аңғарларымен бөлшектенген тегістіктер немесе сәл толқынды жазықтықтықтарға жатады. Су айрықтықтарында түрлі ойпаңдар кездеседі. Тек Волын-Подол мен Орталық орыс тегістіктері, Днепр маңы мен Еділ қыраттары, Донецк адырлар қырқасы, Жалпы Сырт жыралы сайлармен жиі бөлшектенген. Аймақтың Азия бөлігі –сәл бөлшенген тегістік Батыс Сібір ойпатымен жалғасады, оның көтеріңкі оңтүстік бөлегі Орталық Қазақстан қыратының солтүстігімен шекералас жатыр. Одан әрі шығысқа қарай дала жазықтығы Алтай тауының етегін, Минусин қазан шұңқырын және Шығыс Саян етегіндегі төбелі жазықтықтарды қамтиды. Байкалдан әрі шығыста үздік-үздік тектоникалық депрессиялар кездеседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Орта ғасыр

Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп ,қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі-«Тарих-и-Рашиди».Мұның авторы –тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен ,өз ұрпағына ұзақ уақыт бойы назар аудармай келген.Біз бүгінде дерекнама ретінде сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүене аламыз.Тарихшы –қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтірді.Бірақ ,қазір зерттеліп-зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
«Тарих-и-Рашидиді»жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499жылы Ташкент қаласында ,Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күеу баласы ,ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді.Оның атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати.Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерде Мырза Хайдар деп аталады.Тахаллусы (бүркеншік есімі)-Аяз.Бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған : «Алланың рахымы түскен пендесі,әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін(гурекен).мен алланың әмірімен ,аса бір қабілетім тасып ,іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен,ата-бабамның тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп,қолыма қалам алдым.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Рефрактерлік кезең және миелинді қабықша (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Микробиология және биотехнология
Сабақ тақырыбы: Рефрактерлік кезең және миелинді қабықша
Осы сабақарқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Рефрактерлік кезеңнің және миелинді қабықшаның маңызын түсіндіру .
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді: Рефрактерлік кезеңнің және миелинді қабықшаның маңызын түсінеді
Көптеген оқушылар үйренеді: Рефрактерлік кезеңнің және миелинді қабықшаның маңызын сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үйренеді: Рефрактерлік кезеңнің және миелинді қабықшаның маңызын басқа оқушыға түсіндіре алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өррісінің энергиясы 2-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақтың тақырыбы: Магнит өррісінің энергиясы 2-сабақ
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: • 10.4.5.3 – магниттік энергияны есептейтін теңдеуді қорыту және түсіну;
• 10.4.5.3 – механикалық және магниттік энергиялардың ұқсастығын келтіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: магниттік және механикалық энергияларды сипаттайтын шамалар арасындағы байланыс біледі.
Магниттік және механикалық энергиялардың ұқсастығын сипаттай алады.
Оқушылардың көбі: Магнит өрісін есептейтін формуланы механикалық ұқсастықты қолданып қорыта алады
Оқушылардың кейбірі: Магниттік және механикалық энергиялар арасындағы байланысыты стандартты емес есептерді шығаруда қолдана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Менің халқым


Әрбір адамның ана тілімен қатар туған жері, туған ұясы болады. Туған жер ұғымын екі тұрғыда алып қарастыруға болар еді. Біріншісі – адамның өзінің кіндік қаны тамған жері, екіншісі – Отан деген қасиетті сөз мағынасында қарастырылады. Бірақ екеуі де – бір-біріне жақын, сабақтас ұғымдар. Анығында, адамның Отанға деген махаббаты өзінің кішкентай ғана шағын елді мекенінен бастау алып жатуы әбден мүмкін. Адам сол туған жерін сүю арқылы Отанын сүюді үйренеді.

Менің Отаным – Қазақстан. Бірнеше мемлекеттермен шектесіп жатқан ұлан-байтақ территориясында қазақ халқымен бірге сандаған ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Қазақстан бұл күнде әлемге танылған мемлекет болып саналады. Әлемдік өркенді елдердің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан тәуелсіз, жас мемлекеттің экономикасы жыл сайын өрістеуде және осы мақсатта мемлекеттің білім саласына ерекше көңіл бөлінеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Иван Бунин | Антон алмасы


... Ерте келген жаймашуақ күз есімде қалыпты. Әдейі тұқым себетін мезгілді аңдып тұрғандай тамыз айы жылы жаңбырмен басталған — жаңбырдың нағыз керек кезі, әулие Лаврентий мерекесінің қарсаңы еді. "Лаврентийде жаңбыр жылы, су момын болса күз бен қыс май тоңғысыз" дейтұғын. Саршатамызда аңызды сілбі басып кетті. Бұл да жақсылықтың нышаны: "Саршатамызда сүттігеннің ұлпасы ұшса — күз шуақты"... Елең-алаңдағы таза ауа, тымық таң есімде... Тағы бір есімнен кетпейтіні - сары алтындай сағым шашып, сарғайып, сирей бастаған үлкен бақ, үйеңкі аллеясы, жердегі танау жарған сары жапырақтардың көрпесі, күзгі ауада балдың хош иісін аңқытқан Антон алмасының ароматы. Ауаның тазалығы сонша, тіпті тынысың сезбейді, бақ ішін дабырлаған дауыс, арбаның сықыры кернеп тұр. Бұл тархандар — бағбан мещандар, түнімен қалаға жөнелту үшін жалдама мұжықтарға алма тиетіп жатыр - түнді де әдейі күтеді, арба үстінде жатып алып аспандағы жұлдызды санасаң, кәусар ауада қара майдың иісі кеужірінді ұрса, кіре жолда шұбырған арбалардың сықырын естіп жатудың өзі ғанибет емес пе! Алма тиеген мұжық алманың бірінен соң бірін күрсілдетіп соғып жүр, мещанин оған қой деп айтпайды, өйткені доғарып тастау ырымда жоқ нәрсе. Керісінше:

— Же, жеп қал, осыдан басқа шаруаң жоқ, - деп қояды. — Бал шайқағанда да ауыздан қайтқанша ішетін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша реформалары

Бүгiнгi таңда егемендi елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету дұрыс ақша несие саясатын жүргiзуге тiкелей байланысты екенiн уақытының өзi дәлелдеп бердi. Оны ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша несие саясатын дұрыс жүргiзу барысында ақша айналымын жақсарту, дұрыс жолға қою үшiн бiрнеше реформалар жүргiзiлгенiн тарихтан жақсы бiлемiз. Әрбiр реформаның өзiндiк ерекшелiктерi мен осал тұстары болғанын бiлемiз.
Әлемге танымал экономист А.Смит: “Ақша-бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы”,-деп анықтама берген ақшаның бүгiнгi өмiрiмiзде алатын орны күшеймесе әлсiреген жоқ. Ол экономиканы тұрақтандырудың бiрден-бiр құралы болып отырғаны аян. Әрбiр мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жұргiзiлуiнiң нәтижесiнде тығырықтан шыққаны белгілі....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше нысандары ретінде


Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері

Кіріспе
Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесіне тестік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр.
Қазіргі кездегі бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының шет тілін игерудегі нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді (В.С.Аванесов мәліметі бойынша, 1994)
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан (Лаврова, 1999).
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.
Қазіргі кездегі тестілер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік – лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0