Реферат: Биология | АДАМЗАТ ПОПУЛЯЦАСЫ

Адамзат популяцасы деп ұзақ уақыт бір аумақты мекендейтін және еркін некелесетін адамдар жиынтығын айтады. Ол эколгиялық (демрграфиялық) және генетикалық тұрғыда сипатталады.
Популяцияның экологиялық сипаттамаларына оның сан мөлшері ,жас мөлшерінің ара қатынасы,жыныстық құрамы ,мекендейтін аумақ және т.б. жатады.
Адамзат популяциясы жеке адамдардан құралады,сондықтан олардың сан мөлшерін білудін манызы зор.Кез келген популяциясы сан мөлшері особьтардың туу және өлу жилігіне байланысты.өз ққұрлымын сақтау үшін популяцадағы туудың жилігі әрбір некедегі әйелге 2,5-3 баладан келуі керек. Бірақ сонғы кезде туу жиілігі әлдеқайда төмен,мысалы,Еуропада ,АҚШ және Канадада-1,9;Қазақстандағы нәрестелер туужилігі3,0,бірақ сонғы жылдары төмендеуде .Басқа ТМД елдерінде Украина мен Молдавияда -2,5,Армения мен Ресейде -2,5-нан төмен,Тәжікстан,Түркменстан,Өзбекстанда -5,0 .Өлім жилігіне келетін болсақ :медицинаның (микробиологияның, иммуналогияның) жетістіктеріне және әлеуметтік позитивтік өзгерістерге байланысты,аса қауыпты инфекциялық аурулардан адамның өлуі жилігі күрт төмендеді .Ол аурулар эпидемияларының кздесуі азайды ,мүлдем жоқ деуге де болады.Адамзат өмірінің ұзақтығы дамыған ел популяциясында орта шамамен 20жасқа ұзарады.(Кваша,1980 ж) ,ТМД елдерінде әрбір 10 мың адамның -12,3-і 90 жастан және 0,8-і 100жастан асқан қарттар. Туылуы жилігі азайғанымен ,өлім жилігінің азаюына және өмір сүру ұзақтығына байланысты эконоикалық дамыған елдер популяциясының сан мөлшері тұрақты сақталуда .
Адамзат популяциясы құлымының сақталу құрамындағы особьтардың жас мөлшеріне де байланысты. Сондықтан популяцадағы адамдарды репродуктивтік кезенге дейінгі ,репродукттивтік кезендегі және пострепродуктивтік кезендегілер деп топтайды. Болашақ популяцианың құрамын анықтауда репродуктивтік кезендегі особьтар үлкен рөл атқарады .Олар 18-20 жастан 40-45-ке деінгі адамдар .
Пререпродуктивтік және пострепродуктивтік кезендегілер популяцияның жалпы санына енгенімен келесі ұрпақтың фенотиптік және генотиптік құрлымын анықтай алмайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Кешкі дайындық курсы


Кешкі дайындық курсының сабағы ымырт үйіріле басталып, түнде аяқталатын. Егер сіз сыртқы жарығы жарқырап жанып тұрған оқу ғимаратының ішіне кірсеңіз, онда қоршаудың арғы жағындағы қатар-қатар тұрған киімілгіштерді байқар едіңіз. Бұл киімілгіштерде мана ғана күндізгі бөлім студенттерінің сырт киімдері ілулі тұрған. Енді ғимарат ішінде күндізгі абыр-сабыр тіршілік жоқ, тыныштық. Егер сіз жарығы себезгілеп жанып тұрған ұзынша дәлізді бойлай жүре берсеңіз, онда алдыңыздан қатар-қатар тұрған оқу дәрісханаларын көрер едіңіз. Бұл дәрісханаларда мана ғана күндізгі бөлімнің студенттері сабақ оқыған. Енді ол дәрісханалар есігі жабулы, шамы сөндірулі күйінде мүлгіп тұр. Кешкі дайындық курсының тыңдаушылары үшін күндізгі бөлімнің студенті атану – үлкен арман......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Күдікті төртеу


Әңгіме ашылмай қалған қылмыстар мен жазасын алмаған қылмыскерлердің төңірегінде болатын. Кезегімен сөз алып, әркім өз пікірін айтып жатты: полковник Бэнтри мен оның толықша келген жайдары мінезді әйелі де, Джейн Хелиер де, дәрігер Ллойд та, тіпті қартаң тартқан Мисс Марпл да. Аузын бағып үндемей қалған бір-ақ адам. Ол сан адамның пікірін тыңдап әбден машықтанған, Скотленд-ярдтың бұрынғы комиссары Сэр Генри Клитеринг еді. Үндемей мұртын шиырып сипап қойып, іштей бір нәрсеге мәз болған адам сияқты күлімсіреп отырған.

— Сэр Генри, — деді Бэнтри ханым шыдамы таусылып, — егер сіз бірдеме демесеңіз, тура айқай саламын. Тиісті жазасын алмаған қылмыстар көп бола ма, жоқ әлде болмай ма?

— Сіз газетке беретін мақаланың тақырыбын ойлап отырсыз, Бэнтри ханым. Тағы да Скотленд-ярд кінәлі деп, ары қарай ашылмай қалған құпиялардың тізімін тізбексіз ғой.

— Ондайлардың, саны меніңше, көп бола қоймас?— деді дәрігер Ллойд.

— Иә, солай. Ашылған жүздеген қылмыстар мен жазасын алған қылмыскерлер туралы көп жазыла да, айтыла да бермейді. Бірақ біздің талқылап отырғанымыз ол емес, солай ғой? Сіз ашылмай қалған қылмыстар мен шешілмей қалған құпиялар жөнінде сөз қозғағанда, бір-біріне қатысы жоқ екі мәселені айтып отырсыз. Бірінші топқа Скотленд-ярд мүлде естімеген, болғанын жан адам білмейтін қылмыстар жатады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу» болғандықтан, оны толықтай таратып жазу үшін, мен «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамын мысал ретінде жарғысы мен есеп саясатын қарастырып, оған қосымша авторы В.В. Родостовецтің «Бухгалтерлік есеп теориясы мен салалық ерекшеліктері» деп аталатын кітабын, В.Л. Назарованың «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» деп аталатын кітабын, А.П. Салинаның «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, Қ.К. Кеулімжаевтің «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, В.Э. Керимовтың «Өндірістік кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, П.С. Безруких редакциясымен «Бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, Е.Н. Галанинаның «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» кітабын және сонымен қатар бюллетень бухгалтера, досье бухгалтера журналдарын тағы да басқа материалдарды қолдандым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару

Кіріспе
Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық қатынаста дамыған мемлекеттерде түрлі салаларда көптеген сандық әдіс-тәсілдер және түрлі өнім сапасын бағалау жиі қолданылып жүр. Автомобильдер мен сауда қорабы, тұрғын үй пәтерлері мен ракеталық қару, азық-түлік өнімдері мен қала тұрғын комплекстері және көптеген түрлі заттардың сапасын бағалайды.
Қазіргі уақытта әр түрлі еңбек өнімдеріне қолданбалы қосымша сала қалыптасып келеді. Бұл жүйеде өзінің спецификалық зерттеу объектісін (жалпы принциптері мен сапаны бағалау әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәнін (адам еңбегі жемісінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппаратын, өзінің спецификалық проблемаларын, математикалық, физиологиялық және социологиялық мінезі бар.
Бұл жүйенің басқа ғылыми тәртіптерден айырмашылығы мағынасын анықтайтын терминнің болмауы. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ежелгі грек және латын тілдері қолайлы болып саналды. Мамандар тобының арасында түсінікті болу үшін бұл термин салааралық ғылымды түсіндіру керек. Ғылымның бұл жағы «квалиметрия» деп атау ұсынылды, латын тілінен «квали» (qualitas – сапа, мінез, quails – қандай, сапасы қандай) және ежелгі грек тілінен «метрео» -өлшеу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Патриот

Отан басына қиын-қыстау іс түскенде қиынның қиынынан қаймықпай еңбек еткен кісі - міне, нағыз патриот сол. Отан – ана барда шын жүрегіңмен сүйетін жер-суың, туған халқың, туған жерің бар. “Отан үшін отқа түс күймейсің” - дейді дана халық. Халық қашанда қалып айтпайды. Ел игілігін тасытуда еңбегімен ел құрметіне бөленген жайсаң жастар арамызда қаншама десеңізші?!
Патриоттық сезім әркімде бола бермейтін қасиет. Қазіргі кезде елі үшін жан беретін адамдар кемде-кем. Көбінесе сөзбен барлығы патриот, ал іспен болса олар аз. Біз патриот болуға міндеттіміз. Себебі: Қазақстанда тұрамыз, бейбітшілікте, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатырмыз. Бұған Президентіміздің де үлесі зор. Ол кісінің арқасында бүкіл әлемге танылудамыз. Адамдардың көрген қиыншылықтарына көмектесіп, қол ұшын беруде.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ Меншік құқығы

КІРІСПЕ
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру (персонифи¬кация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп калыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация);
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды аныктайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты.
Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:
- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ

Қасиетті қазақ жерін жаяу аралап шыққан кез келген адамның төрткүл дүниені түгел шарлағандай әсер алатыны ақиқат. Ата-бабамыз ұрпағына ұлағат еткен осы аяулы атамекенімізде Жер-анаға тән қандай да жағрапиялық ерекшелік, қандай да ауа райы климатының құбылысы жоқ десеңізші!
Жер ұйығы – Жетісудың, ақбас шың Алатаудың, асқақ Алтайдың, шежірелі Маңғыстаудың, қазыналы Қаратаудың, қарағайлы Қарқаралының, кербез сұлу Көкшетаудың, бағаналы Баянауылдың баламасыз тамаша табиғаты тәжірибелі жаһанкездердің өзін де таңдай қаға тамсандырып келеді, таңдандыра бермек.
Соның бірі – Солтүстік жар¬тышарда сақталған самалды Са¬рыарқаның салиқалы жа¬зы¬ғындағы қоғалы көл, қоқиқаз¬дардың құт мекені – Қор¬ғал¬жын қорығы. Бүгінде Ақмола облысының Қорғалжын, Егін¬дікөл, Қарағанды облысының Нұра аудандарының аумағында орналасқан бұл мемлекеттік қо-рықтың көлемі 258963 гектарды құрап отыр. Оның 197919 гек¬тарын су айдыны алып жатыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0