Сабақ жоспары (ұмж): Күш.Күштерді қосу.Ньютон заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Күш. Күштерді қосу. Ньютон заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
Үдеу мен тең әсерлі күштің бір жаққа бағытталғанын түсіне отырып, F=ma теңдеуін пайдаланып есепті шешу;
Оқушылардың күш-үдеу, үдеу-масса тұрғысындағы білімін тереңдету,іздену дағдысын қалыптастыру;
Күш егер де тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын жасайды;
Заңға байланысты теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алады;
Өз түсінігімен заңдылықтардың қолдану аясына,мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады;
Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады.
Жартысын көп оқушылар:
Берілген оқу мақсатына(видео,анимацияға,тапсырмаға т.б.) сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады.
Кейбір оқушылар:
Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аллергиялық диатез

«Диатез» гректің бейімділік деген сөзі. Яғни тері мен шырышты қабаттардың қабынуға бейімділігі. Бұл тұқым қуалайтын жағдай.



Осы жағдайдың әсерінен зат алмасу бұзылады, әсіресе су және минералды тұздардың алмасуы, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Сондықтан балалар жиі ауырады, аурулары ұзаққа созылады, жиі асқынып кетеді.



Аллергендердің түрлері:



1. Тамақ аллергендері-сиырдың сүті, жұмыртқаның ақуызы, цитрус жемістері, какао, бал, шоколад, қызғылт және сары түсті жемістер мен көкөністер, грек жаңғағы т.б.



2. Дәрі аллергендері-антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер т.б.



3. Вакциналар, сарысулар.



4. Тұрмыстық аллергендер-үй ішінің шаң-тозаңы, үй жануарларының жүні, құс жүні, балықтың жемі т.б. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Тынышсыз қонақ

Орман күзетшісі Артемнің қисайған жатаған үйіндегі үлкен қоңыр иконаның түбінде екі кісі отыр, біреуі беті егде тартқан адамның бетіндей қатпар-қатпар, шоқша сақалды, әрі аласа, әрі арық. Бұл - Артемнің өзі. Екіншісі - аяғында сазға киетін үлкен етігі мен үстінде қырмызы жаңа көйлегі бар, жол-жөнекей келіп отырған бойшаң, жас аңшы жігіт. Олар үш аяқты кішкене үстел басындағы отырғышқа жайғасқан, үстелде бөтелкенің аузына тығып қойған май шам сықсиып жанып тұр.

Тыста түн қараңғысында алай-дүлей дауыл соқты; әдетте күн күркіреп, найзағай ойнар алдында табиғат осылай буырқанушы еді. Жел ышқына ұлып, иілген ағаштар ауру адамдай ыңыранады. Терезенің бір әйнегі қағазбен жапсырулы екен, үзіліп түскен жапырақтардың сол қағазға тиіп, тырсылдағаны естіліп тұр.

Артем аңшыға, қорыққан кісідей кірпік қақпай қарап, баяу, жіңішке дауыспен ақырын ғана сөйледі:

— Құдайдың пендесі - саған мынаны айтамын, мен қасқырдан да, аюдан да, аңдардың қай-қайсысынан да қорықпаймын, тек адамнан қорқамын. Мылтық пен қаруың болса, аңнан құтыласың, ал бұзық адамнан құтылар амалың жоқ.

— Әрине! Аңды атуға болады, ал қаныпезерді атып көр, өзің пәлеге қаласың, Сібірге айдаласың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Валюта нарығы және валюталық операциялар

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Биология сабақтарындағы оқыту әдістері

Кіріспе
Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазыігі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскеленең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге ретілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазыргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтетінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, махмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық - педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонысен қатар оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық – кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сулықтар сыры

Қолды жуу, макияждарды кетіру, жемістерді сүрту, жарақатты тазалау, әйнектер мен айналарды жылтыратып қою, үйді шаңнан тазарту... Аталғандарды бір-бірімен байланыстыратын не болуы мүмкін? Әрине, барлығын да сулықтардың көмегімен жасауға болады. Сулықтардың адамзат тұрмысында пайда болғандығына көп уақыттың жүзі болмаса да, бүгінде кең таралып, көпшіліктің қажетіне жарап жатыр. Тек қана аруларымызды емес, ержүрек бекзадаларымыздың өзін сулықтарсыз елестету қиын.

Испания ханшайымы Изабела Кастильская өмірінде екі-ақ рет: алғашқысы – туылғанда, екіншісі - үйлену тойы күні шомылғандығын мойындаған. Егер де сулықтар сонау ХV ғасырларда пайда болса, ханшайымның бұл әрекетіне таң қалмаған болар едік. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:
Адамның өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Баланың сана сезіміне дамуындағы дыбысты тілдің пайда болуын маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болу нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс ортикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі, дыбыс тіркестерін тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау прцесі тек адам баласының психикасына ғана тән прцес болып табылады.
Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізтін құрал.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жетекшілердің ойлау және сөйлеу процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерді жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Ойлау және сөйлеу процесінің дамыту жолдарына баланысты теориясын шолу.
Зерттеудің теориялық мәні: Жалпы бұл зерттеудің териялық мәні қазіргі таңда ойлау мен сөйлеудің даму деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы, Ясави

Кіріспе
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары

Кіріспе
15 жыл бұрын Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жариялағанда, ол жаңа туған сәбидей өз өмірін жаңа парақтан бастады. Осы 14 жыл ішінде мемлекетіміз талай белестер мен асулардан өтті. Ол өз істерінде әр тәуелсіз мемлекет сияқты дамуды көздеді. Сол істерінің түпкі мақсаты мемлекетідің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жаңа жоғарғы деңгейлерге жеткізіп, ары қарай болашаққа сенімді қадам басу болып табылады.
Сенімді қадам басу қадам басу дегеніміз – ол мемлекет басшыларының немесе халықтың болашаққа, әйтеуір бір күні жағдайымыздың жақсаруына сенімі емес, нақты уақыттағы істеріміздің болашақта оң нәтижелі болатынын ұйымдастыру.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық тұрақтылығын ұстап қана тұрмай, оның дамуы. Осы жолда мемлекетіміз халықаралық тәжірибеден экономиканың дамуына оң әсер етелді дегеннің бәрін іс жүзінде қолдану.
Тарихтан бәрімізге белгілі, Қазақ елі бөлке бөлініп шыққанда, оның экономиканы алға тартушы, дамуын қолдаушы өндіріс орындары, заводтары мен фабрика, цехтары тозған, ескіріп біткен болды және талан – таражға түсті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Неліктен біз тісімізді тазалап қолымызды жуамыз

Сабақтың мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларды ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Тіс туралы түсініктерін кеңейту, тістің ауыртқан жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Тәрбиешілігі: Тісті күніне екі рет жуу. Таңертең, кешке. Әр адамның жеке тіс щеткасы болу қажет. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0