Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуi объективтi түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етедi. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндiрiс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелi түрде қамтамасыз етiп отыр. Ақпарат қазiргi кезде Коммерциялық стратегиялық ресурстың бiр түрiне айналды, және де ол айрықша тауар ретiнде жалпы Коммерциялық өнiмнiң айрылмас бөлiгi бола тұра, ақпараттық өнiмдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.
Көптеген кәсiпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлiк секiлдi сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететiн бағалы ресурс ретiнде қарастырады. Өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi басқаруға қажеттi ақпарат алу мақсатында кәсiпорын бухгалтерлiк ақпараттық жүйесiн құрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Нарықтық экономика жағдайындағы ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымдарын ұтымды басқарудың негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр.
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық үдерістің дамуын қамтамасыз ету саясаты.
Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік - экономикалық жағынан терең түрлендірілді, шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды.
Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі, меншіктің жаңа, мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен, соңғы он жыл ішінде елімізде азық-түлік өнімдері, олардың ең қажетті түрлері бойыша екі және оданда көп есе кеміп кетті, өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Нарықтың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мәселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мәселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр.
Азық-түлік мәселесінің шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды, аграрлық қатынастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта экономикалық - әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграрлық мәселелерді, әсіресе азық-түлік кешенінің маңыздылығын ескеру.
Дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан-жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалді мәселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсарту елдің азық-түлік мәселесі мен әлеуметтік шиеленісті шешіп, Қазақстанның нарықтық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Тәуелсіз мемлекет трғысынан әсіресе оның даму негіздері мен тәсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру, өнім көлемін көтеру және оны өңдеу, сақтау, тасымалдау, әдістерін жетілдіру, осы негізде агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Өйткені ауылға көңіл бөлу, ауылды көркейту- мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды шаруа. Ауыл шаруашылығын қайта өркендету бұдан бұлай өзекті мәселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы бөлмекші.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының дамуы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе.
Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде.
Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Күріш тұқым шаруашылығын ұйымдастыру аудандастырылған сорттары

Ерте кездегі зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда дүние жүзіне көп тараған дақылдардың бірі күріш деп есептелінеді. Күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерге егіліп оның 90% -ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2% Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі.
Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының бірі күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде өсіріледі. Күріш дәннің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі 10 жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн. тоннаға жеткен.
Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтер қарағанда, күріш өте ерте , көне заманнан бері егіліп, екпе дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап, егіле бастаған. Индияның оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан.
Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және жабайы түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың (1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Заң шығару процесі түсінігі негізі және сатылары

Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңга тәуелді актілерді шығарудың, кдбылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Пар¬ламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында.
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процес әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады. Заң шығару тәжірибесінде жобаның мазмұнына байланысты басқа да тәсіл қолданылуы мүмкін, айталық, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің өзі де, әрі соңғы кездерде етек алған Палаталар депутатгары да дайындайтынын біз білеміз. Алайда қазіргі кездегі заң шығару тәжірибесінде жобаларды дайындаудың ведомстволық қағидаты, дегенмен, басым түсіп жатады.
Заң шығару процесіне Қазақстан Республикасының президентінен бастап,бүкіл халық атсалысады ,сондықтан бұл тақырыпты маңызды деп айтуға болады. Мен курстық жұмысты жазу барысында көп нәрсені түсіндім: біз- Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан заң ғылымын терең зерттеп,оны ары қарай дамытуымыз керек.
Заң шығару процесін терең әрі нақты зерттеген жағдайда ғана дұрыс және пайдалы заңдар өмірге келеді деп ойлаймын,сондықтан бұл тақырыпты келешекте әлі де зерттеуіміз қажет.Ал заң шығару процесі туралы толық мәліметтер курс жұмысымның негізгі бөлімінде нақты ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ауылшаруашылық өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері № 1 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері № 1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды
Сабақ мақсаттары: Өнеркәсіп өндірісі туралы білу
Өнеркәсіпті ұйымдастырудың түрлерін білу
Әлемдік өнеркәсіпті және Қазақстандық өнеркәсіпті талдай алу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агробиология | Ақ қауданды капустаны суғару тәсілдерінің өнім сапасы мен сақталғыштығына әсері

Көкөніс шаруашылығы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды салаларының бірі болып саналады. Себебі, қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сай елімізде жыл сайын орташа есеппен алғанда 140 мың га шамасындағы жерлерге көкөніс дақылдары өсіріліп, олардан 3,5 млн тоннаға жуық көкөніс өнімдері өндіріледі. Бұл дегеніміз - Қазақстанның 18 миллиондық халқына жан басына шаққанда жылына орташа есеппен 194 кг көкөніс өнімдері өндіріледі дегенді білдіреді.
Медициналық тұрғыдан алып қарағандағы мөлшерден жоғары көкөніс өнімдерін өндіретіндігімізге қарамастан еліміздегі көкөніс шаруашылығы шаруашылықтардың қаржы-теникалық әлеуеттерінің төмен болуына орай әлі де негізінен тозығы жеткен машина-трактор паркі мен дәстүрлі технологиялардың көмегімен өндірілуде. Соған сәйкес өнімділік пен сапа көрсеткіштері де төмен деңгейде қалып отыр, яғни статистикалық мәліметтер еліміздегі көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі 24-27 т/га екендігін көрсетеді. Жиналған өнімдердің біршама бөлігі қауқары шамалы қоймаларда сақталынады, сондықтан да аурулар мен салмағының табиғи кемуі айтарлықтай дәрежеде орын алады. Осыдан келіп өндірілген өнімнің бірқатар бөлігінің жиналмай қалуы, тасымалдау мен сақтау мүмкіндіктерінің төмендігі және т.б. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0