Реферат: Информатика | Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқанан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базсын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпаратта сақталады деп айта аламыз.
Осы аталғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың ішінде тұтастай базаға кіріп, оғған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәіліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары да бар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толдыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құралдарына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жылыжай эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін білу
Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жылыжай эффектісі себептері мен салдарларын біледі.
Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады
Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды
Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Әлем шаруашылығының құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика
Сабақ тақырыбы: Әлем шаруашылығының құрылымы
Белгілі бір оқыту мақсаты: Әлем шаруашылығының құрылымын білу
Сабақ мақсаттары: 10.4.1.4 әлем шаруашылығының құрылымын бағалау
10.4.1.5 әлем мемлекеттерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №1
Оқу мақсаттары: 10.4.1.5 Шаруашылық салаларын орналастырудың территориялық факторларын талдайды;
10.4.1.6 Дүние жүзі шаруашылық салаларын орналастырудың қазіргі заманғы факторларын талдайды.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өндірісті орналастыру факторларын әдеттен тыс жағдайларда қолдану дағдыларын дамытады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.1.10. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақ мақсаттары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін жіктеп, бағалауды үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек

Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек

батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады. Бұл оны жігерлендіреді және зардап шегушіге күш-қуат береді.

Егер мүмкін болса, батып бара жатқан немесе жүзу кезінде шаршаған адамға оны жағаға, қайыққа тарту үшін таяқтың немесе киімнің үшін береді не қолда бар суға батпайтын құтқару затын немесе арнайы құтқару қару-жарағы лақтырылады. Егер ондай заттар болмаса немесе оларды пайдаланудың өзі батып бара жатқан не шаршаған адамды құтқаруды қамтамасыз етпесе, онда оған көмек көрсету үшін жүзіп барады.

Көмек көрсетушінің өзі жақсы жүзумен қатар, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі қажет.

Егер жаппай жазатайым оқиға орын алған кезде батып бара жатқандардың әр қайсына бөлек көмек көрсетуге тырысады. Бірнеше адамды бірден құтқару мүмкін емес.

Су температурасы төмен болған кезде немесе шаршағанда аяқтың балтыр, жамбас немесе саусақтың бұлшық еттерінің тартылуы мүмкін.

Жүзу кезінде шаршаған адамға мынадай көмек көрсетуге болады: көмек көрсетуші өзінің иығын шаршаған адамның созылған қолының астына қойып, оны «брасс» стилімен жүзіп отырып тасымалданады. Егер шаршаған адам көмек көрсетуші адамның қозғалыстарына ілесе отырып, аяғымен жүзсе бұл оған көмек болады. Шаршаған адамның қолдарының көмек көрсетушінің иығынан сырғып кетпеуі бақыланады.

Батып бара жатқанға көмекті артынан, оның жабысып ұстауынан қорғана отырып көрсетіледі.

Батып бара жатқанды бірнеше тәсілмен тартуға болады:

«басынан» тарту тәсілі.

арқасымен жүзу арқылы;

«қолынан тарту арқылы» тәсілі.

«қолының астынан тарту» тәсілі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылықты ұйымдастыру факторлары мен шарттары (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақ тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастыру факторлары мен шарттары.
Оқыту мақсаты: 10.4.1.3. шаруашылықтың әртүрлі салалардағы кәсіпорындарды орналастырудың факторлары мен шарттарының жиынтығын талдау.
Сабақтың мақсаттары: Кәсіпорындарды орналастырудың факторлары мен шарттарын талдап үйренеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Саруарова Ақбота | Текті әулет

Қазақ тарихында Шақшақ Жәнібек деген атпен белгілі Жәнібек Қошқарұлы 1693 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Абылай ханның сенімді серігі болған. 1740-41 жылдары Абылай жоңғарларға тұтқынға түсіп қалғанда оны құтқаруға барынша күш салған осы Жәнібек болатын. 1748 жылы 11 шілдеде императрица Елизавета Петровнаның жарлығы бойынша Тархандық атаққа ие болған. Дәуітбай Жәнібекұлы 1712 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Жасөспірім бозбалалармен бірге «мың бала» жасағында соғыстарға қатысқан. Әкесі сияқты, Абылайдың сенімді серігіне айналып, хан саясатын жүргізуде маңызды қызмет атқарды. 1759 жылы мұрагерлік жолмен «Тархандық» атаққа ие болған. 1783 жылы қайтыс болып, өзінің туған жерінен топырақ бұйырады. Батырдың жатқан жері Дәуітбай қорымы деп аталады. Дәуітбайдың төртінші ұлы Мұса 1746-1747 жылдар шамасында дүниеге келіп, 1820 жылы дүниеден озған. Сырым Датұлы көтерілісіне қатысқан .Бұл 1790 жылдары, яғни көтерілістің 3 кезеңі болатын. 1793 жылы тархан атағына мұрагерлік жолмен ие болады. Шеген Мұсаұлы 1785 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса маңызды міндетіне айналып отыр.
Біз келешек ұрпаққа білім беру ісін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едік. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті сабақ үстінде ұйымдастырылып, сабаққа өзбетінше үйде даярлау үстінде жүреді. Әрбір оқушы өзінің оқып жүрген сабақ пәндерінің өзінің өмірі үшін қажет екендігін толық түсінген кезде ғана пән тақырыптарын танып білуге ұмтылады. Қоғам мүшелері толық әрі жан-жақты сауатты әрі білгір де білімді болуы толық жүзеге асқан кезде ғана Отанымыз көршілес елдермен де халықаралық қатынастарға терезесі тең жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Жан-жақты кемелденген жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0