Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология. Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде. Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.Мазмұны [жасыр] Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі. ....
Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни, бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға әсіресе Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?» - деп айып таққанда. Ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ», - деп жауап беріпті деген аңыз бар . Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның (материя мен форманың) диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік. Аристотельдің анықтамасындағы «Материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше «Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат» (латын тілінде «негіз», «астар» деген мағына береді) ....
Аристотель является основоположником собственно научной философии. Он оказал самое сильное по сравнению со своими предшественниками влияние на развитие человеческой мысли. Аристотель изучал практически все проблемы развития природы и общества, ввел терминологию, не утратившую своего значения и поныне. Его можно назвать основоположником большинства наук, в том числе и психологии, где ему принадлежит первая целостная теория психических явлений. Аристотель Страгирит родился в 384 г. до в Страгире. Его отец Никомах был придворным врачом македонского царя Аминта. После смерти родителей воспитывался у Проксена из Атарнея. На восемнадцатом году жизни будущий философ прибыл в Афины и вступил в Академию Платона, где пробыл в течение 20 лет как слушатель, преподаватель и равноправный член содружества философов платоников. После смерти Платона в 335г. Аристотель организовал свое учебное заведение в Ликее (Афины). Обучение происходило во время прогулок, благодаря чему получило название «Перипата». После смерти Александра Македонского (по некоторым данным виной гибели тирана стал сам Аристотель) Аристотеля преследовали за промакедонскую ориентацию, он отправился в свое владение в Халкиде, где вскоре умер от желудочной болезни. «Его характер, - пишет о нем Эдуард Целлер,–который уже давно пытались очернить его политические и научные противники, сказывается в его произведениях как, безусловно, благородный и нет ни одного достоверного факта, который давал бы нам основание не доверять этому впечатлению. Его научное значение стоит вне всяких сомнений; сочетание в нем чрезвычайно разносторонних знаний с самостоятельностью суждений, глубокой проницательностью, широким умозрением и методическим исследованием создает из него явление столь исключительное…» (10).....
Пән: Дүниежүзілік тарих Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті Сабақ тақырыбы: Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.3.1 – Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру. Сабақтың мақсаты: Сократ үлгісі арқылы оқушыларда жақсы мен жаманды қалай ажырату; байлыққа, мансапқа, сый-құрметке, билікке қызықпау; зұлымдық жасамау сияқты адамгершілік негіздерін тәрбиелеу. ......
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.3.1 ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру Сабақ мақсаттары: ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру; олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтау; мінсіз қоғамның не екенін түсіндіру;......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақтың тақырыбы: Аристотель және Галилейдің дененің қозғалысы жайлы ойлары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Ньютон заңдарының тұжырымдарын білу және түсіну ; масса-дененің инерттілігін сипаттайтынын түсіну; Сабақ мақсаттары: - Аристотель және Галилейдің дененің қозғалысы жайлы ойларын білу; -Ньютонның бірінші заңын білу; - Инерциальдық санақ жүйелерін білу (ИСЖ); - Инерция құбылысын білу; - Күш ұғымы. Күштің динамикалық және статикалық көрінісі, күштерді қосуды білу; - Дененің массасы. Массаны анықтауді білу; - Ньютонның екінші және үшінші заңын білу.........