Қазақша өлең: Есірткі - заман кеселі
Еркелеп өсті ештеңеден тарықпай.
Ата-анасы баласының дегенін,
Екі етпеді әрбір кезде жалықпай.
Ер жетті бала, есейді, жігіт болды,
Биыл жасы 18-ге енді толды.
Достарын жинап.....
Қазақша сериал: Айжан телехикаясы (13 бөлім)
Қазақша сериал: Айжан телехикаясы (12 бөлім)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын)
жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін.
Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып,
жердің бетін.....
Ринат Зайытов қытайлықтан қазақша сөйлеуді талап еткен Сапарбаевтың ерлігін айтты (видео)
Қиындық немесе қапалық түскенде оқылатын дұға
Қазақша сериал: Айжан телехикаясы (9 бөлім)
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды
"Балқаш-Қарағанды" тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды.
![]() |
Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков мәлімдеді.
"13 тамыз күні таңертең "Балқаш-Қарағанды" автожолының шетіндегі "Вираж" мейрамханасы маңында, Құрма ауылынан 2 шақырым жерде, Балқаш қаласына бара жатқан "Фольксваген Пассат" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысып қалды. Ауди көлігін Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны басқарған", - деп хабарлады Жанатай Сембеков.
ЖКО салдарынан "Фольксваген Пассат" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Ал 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға оқиға орнында көмек көрсетілді. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісіне де сол жерде медициналық көмек көрсетілді, ал 23 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылды.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.