Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді

Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.

Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.

Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.

Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.

Жаңалықтар
Толық
41 -25

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Қарапайым халық пен бай-бағландардың көңіл көтеруі екі түрлі. Күйбең тіршілік деп жүріп кейде демалудан да құр қалатын халық әр күні ойын-сауыққа айналған бай-бағландардың өміріне қызыға қарайды. Әсіресе, олардың үлде мен бүлдеге оранған қыздары мен әйелдері "ақсүйектер" жиынына ғана барып, өзіндік ортада ғана көңіл көтереді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Бойжеткеннің жүрісі)

Ұшып бара жатқандай қалқып қана,
Қолында ма қос қанат?
Қолтықта ма?
Қолаң шашы төгілген хордың қызын
Ей, дүние, үркітпе, қорқытпа да!

Жүзіп бара жатқандай жәйлап қана,
Айдынға да көз тастап,
Айлаққа да.
Қасы-көзі қиылған......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Менiң мұңым тек қана, менiң қайғым емес қой)

Менiң мұңым тек қана менiң қайғым емес қой,
Қалғып кеткен қаймана – қаңғып жүрген
Елестей...
Көштi қалай түзермiн,
Естi қалай жиярмын,
Оң жағымнан жел еспей,
Сол жағымнан ел өспей?

“Бетегеден биiкпiн, аласамын жусаннан”...
Көрiне ме көкжиек көз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Алматылық бикеш оңтүстік пен солтүстіктің сексуалды өмірі жайлы баяндап берді

Жұрт арасында жұбайлық өмір, адалдық жайлы көп әңгіме қозғалса да, Қазақстанда танысу сайттарының дәурені дүркіреп тұр. Еркектер қауымы бастан кешер қызықты жайттарға тап болғысы келеді. Тіпті кейде өздерін әйелдің шапалақпен тартып жібергенін қалайтындары да бар.
Жаңалықтар
Толық
0 0