Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақытта қайтемін деп, қам жемейінше. Ол турада айтылған қазақ арасында көп сөздер бар. Бұларды санауға мүмкін емес. Біз бұлардың ішінен бағзы біреулерін алып, жазуға жаһат етеміз. Бір күні Қожанасыр көк есегіне мініп алып, отын алғалы ағаш ішіне барды. Ағаш ішіне келіп, бір ағаштың бұтағына шығып алып, бұтақты түбінен кесе бастады. Дәл со уақытта бір жолаушы адам қасынан өте беріп, бұған айғайлап айтады: – Ағаш құласа, астында калып өлесің ғой, – деп. Дуана айтады: – Ей, әулие, тоқта, сен маған айт, мен қашан, қалайша өлсем керек? – дейді. Жолаушы тоқтамастан жүре беріп, бірақ оған айтты: – Сен ақымақ екенсің, – деп. Сонда Қожанасыр жіберместен сұрайды: «Қашан өлетұғынымды айт», – деп. Жолаушы әбден мазасын ала берген соң ашуланып:.....
Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты. – Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп: – Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты: – Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты: – Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн: – Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп, патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып: – Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді......