Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Шымбұлақ Астанадағы Бәйтерек пен ЭКСПО көрмесі) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер (Шымбұлақ, Астанадағы Бәйтерек пен ЭКСПО көрмесі)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.3.1. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
Сабақтың мақсаттары:
Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Мембрана

Жарғақ (мембрана) — жасушаларды, олардың ядролары мен цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды шектеп түратын жұқа қабықша. Жасушадағы зат алмасу процестері жарғақтың қатысуымен жүреді. Сондықтан, оны биологиялық жарғақ деп те атайды. Жарғақ жасушадағы протеиндер мен липидтердің молекулаларынан құралған. Оның қалыңдығы 6-10 нм-дей. Биологиялық жарғақ жасуша плазмолеммасы мен ядро кариолеммасын, Гольджи кешенінің, митохондриялардың, лизосомалар мен пероксисомалардың, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астанада өткен ЕХРО көрмесі(1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астанада өткен ЕХРО көрмесі(1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
Сабақтың мақсаттары: Жазуда орфографиялық норманы сақтау, тыныс белгілерін дұрыс қоя білу; емле ережелерін білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Асанәлі Әшімов Әшімұлы (1937 жылы 8 мамыр)

Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: - Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мерекеде құттықтап қайт анаңды

Табиғат жасаған жаратылысының әр тынымсыз бүлкілі перзентіне деген тек қана кешірім мен мейірімнен тұратын бір үлкен жүрек бар. Ол – Ананың жүрегі.

Сол үлкен жүректен тарайтын күн сәулесінен де құдіретті, күн сәулесінен де ыстық бір таусылмайтын жылу бар. Ол – Ананың перзентіне деген көңілі.

Кішкентай сәби тек сонда ғана өзін еш алаңсыз, еш қауіпсіз сезіне алатын, ешқандай шебердің жасап шыққан бесігі тең келе алмайтын бір қорғаныш бесік бар. Ол – сәби үшін анасының аялы алақаны мен жылы құшағы.

Дүниедегі барлық ілім мен білім атаулының перзент үшін бастауында тұрар бір қасиетті қайнар көз бар. Ол – Ананың перзентіне үйрететін тәлімі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ана деген

Ана деген - байлығың мен барың,
Ана деген - тұтастай бір жаның.
Ана деген - ауырғанда дәрің,
Ана деген - ең жақсы бір әнің.
Ана деген - саған жақын адалың,
Ана деген - бермеген, тәрбиенің жаманын.
Ана деген - сүрінбейтін қадамың,
Ана деген - дұға етуші адамың.
Ана деген - мейірімі шынайы
Ана деген - ауырға да шыдайды.
Ана деген - өміріңнің шырайы,
Ана деген - жылу берер күн райы.
Ана деген - екінші сенің жүрегің,
Ана деген - ықылас пен тілегің.
Ана деген - аман-сау жүргенің,
Ана деген - бір шаттанып күлгенің.
Ана деген - махаббаты шексіз,
Ана деген - байлығы оның тек біз.
Ана деген - сүйеді сені ессіз,
Ана деген - менің жәннатым дессіз........
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілім қазақ тілі

(Мектеп шәкірті үшін жазылған).

Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар ол өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз – ежелден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Тіпті ұлтымызда асыл ана тілімізге арналған мақал-мәтел, түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Халқымыз, мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Қанат Ислам

Қанат Ислам ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясына қарасты Қаба ауданында дүние келген. Әкесі – Ислам, анасы – Зихат. Қанат – үйдің кенжесі.
Ол 2009 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық университетті спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша бітірген.
Қанат боксқа қалай келді?
Қанат Исламның айтуынша, Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дами бастаған.
"Алтайдың Хаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз бокс өнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де Мұрат Бошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстан облыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалай жаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірім осылай басталды", - дейді ол "Батырдың көз жасы" деректі фильмінде.
Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанды....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама

Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты « теңіз қақпалары » қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады. Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен шектеседі.
Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп. Жер көлемінің жартысына жуығы ағашты канадалық қалқан үлкен бөлігі – Лаврентий таулы қыраты , көлдер, қатал климаттың жерді игеруге кедергі келтіреді. Батыс және шығыс бөлігінде таулы жүйесі орналасқан. Оңтүстік шығысында Аппалач тауы, батыста Кордильер тауы. Оңтүстік бөлігі ғана игерілген. Елдің қатал табиғат жағдайлары Канаданың солтүстігі мен солтүстік батысында шаруашылық ісімен айналысу орын алмаған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0