Аксо-дендриттік жанасым (synapsis axo-dendritica; гр. synapsis — жанасым; гр. axon — білік, ось; гр. dendron — ағаш) — нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесі — перикарионынан әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толқынын қабылдайтын нейроцит өсіндісі) жанасып жалғасуы. Аксо-дендриттік жанасым арқылы жүйке толқындары (импульстері) биологиялық белсенді заттардың (медиаторлардың) көмегімен бір нейроциттен басқа екінші нейроциттерге беріледі. .....
Сабақтың тақырыбы: Айналамдағы заттарды санаймын. 10 - ға дейін реттік санау СЫНЫП - ТОП: ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары 0. 2. 1. 1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау. 0. 2. 1. 2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау. Күтілетін нəтиже: Барлық тəрбиеленушілер: - 10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды. Көпшілік тəрбиеленушілер: - заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды. Кейбір тəрбиеленушілер: - заттарды саны бойынша салыстырып, ара - арасынан олардың реттік нөмірін атайды. Тілдік мақсат: Дағдыларын дамыту: - өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология: - бірінші, екінші,..., оныншы. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Кері тəртіппен қалай санау керек екенін түсіндір? – Қалай ойлайсың, реттік санау кезінде сандарды тастап кетуге бола ма? – Сандарды жазудың қандай түрлерін білесің? Жазу: - түрлі түсті қарындаштармен бояу. Өткен ҰОҚ - дан алған білім: Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. .....
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.
Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) .....
Отандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова мінезі туралы бар шындықты айтты. Әнші көңіл күйі қалыпты емес болғандықтан қасында жүрген адамдарға ауыр тиетінін жасырмады. Өнер иесі өзінің ел білмейтін қырларын тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше ашылып, өз мінезінің жаман жақтарын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы құбылмалы көңіл күйі жолдасы екеуінің арақатынасына қалай әсер ететінін де айтты.
"Мадина Садуақасова туралы бәрін білетін сияқтысыз, бірақ сонда да өзім жайлы, өмірім жайлы қысқаша айтып берейін. Мен Алматыда дүниеге келгенмін, атымды әжем Мекке-Мәдине болсын деген, бірақ мамам қысқартып Мәдина деп жаздыртқан. Мектепте ән айтқанмен бірге дзюдо секциясына екі жарым жылдай қатыстым бапкерім Ишанбек аға, мықты болатын. .....
Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең.....
Қатынын мақтар хас жаман, Баласын мақтар нас жаман. Алыстағы дұшпаннан Андып жүрген дос жаман.
Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға түсін кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан:
Басымда топым ба еді көп көргенің, Мен бе еді осыншама жек көргенің. Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым, Кәнеки, тап бергенде — ап бергенің? * * * Пенде жоқ тәубә қылған ісін біліп, Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп, Қолынан қарындастың келгені сол, Керге сап, көміп қайтар көсілдіріп. .....
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып, шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі – кітап проблемасы. Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақ тіліндегі оқулықтар сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс»,— [1] деп, атап көрсетеді. Бітіру жұмысты жазу барысында, кітап проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А.С.Пушкин ажал сағаты тақаған кезде кітап сөрелеріне карап: «Қош болыңдар, достар!» деген екен. «Егер мен байысым, тек қана кітап сатып алар едім»,— деп, М.Горкий рухани байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой салған. Қазіргі қоғамда орын алып отырған кітап мәселесі бір күннің ішінде туындаған жағдай емес. Проблема болған, қазір де бар, болашақта да бола бермек. «Әр кітап өз проблемасын ала келеді», деп баспагерлер айтқандай, бұл мәселе сонау кітап деген ұғымның дүниеге келуімен, мәдениеттің ең жоғарғы сатысы баспа кітап өмірге келгеннен бастап қалыптасып келе жатыр. Айырмашылығы, осы уақытқа дейін дами отырып, әр кезеңнің әр түрлі қиыншылықтары мен кедергілеріне ұшырауында. Ал біздің заманымызға өз қиындығымен қатар үлкен жетістігін де ала келген кітап жайлы: «Әсіресе баспа кітап шыққаннан бергі жерде кітаптың әлеуметтік, қоғамдық, рөлі орасан зор дәрежеге жетті. Бұл-- кітаптың жасампаз дүние екендігінің айғағы. Тарих сахнасында мәңгі қалуын күйттеген қажеттіліктен туындаған ұлы жетістіктің көрінісі. Осынау адамзат көкірегін жарып шыққан ұлы идеяның авторы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергке барша халықтың айтар алғысы шексіз»-- деп жазады профессор Ш. Елеукенов [2]. Бұдан түйеріміз, адам дамуымен бірге қосарласып, егіздей жармасып келе жатқан проблема бүгін ғана пайда болмай, әр заманның мәселелерімен ұштасып отырған. Ал осы мәселені көтермеген қазақ басылымдары кем де кем. «Әр кітабың шыққанда бір балаң өмірге келгендей қуанасың»— деп, «Санат» баспасының директоры, ұстазымыз С. Әбдрайымов айтқандай, әрбір туындап отырған мәселелерге халқымыздың бей-жай карамайтындығын қазақ баспасөз беттерінде жарияланған еңбектерден көреміз. Бұл жұмыстың жазылуын әр адамның жүрегіне сәуле нұрын құюда кездесіп отырған қиыншылықтардан, яғни ішкі қажеттіліктен туындап отырған еңбек деп ойлаймын. «Қазақ баспасөзі – тәуелсіздіктің нәтижесі, ұлттық өр үні мен көкірегіндегі мұңы екені даусыз. Бүгінгі қазақ баспасөзінің бет-бейнесі мен ...
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жа¬байы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер. Оқу іс - әрекетінің барысы: 1. Кіріспе бөлім. а) Сабаққа дайындық ретінде балалар алдын - ала хайуанаттар бағына апарылады. Хайуанаттар бағынан алған әсерлері үйден салып келуге тапсырылған суреттерінен байқалады. ә) Жұмбақтар шешу. .....
Ата-аналар мен балалардың арасындагы құқыкгық қатынастардың пайда болуынын негізі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындағы болып табылады. "Неке және отбасы туралы" Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған. Алғашқы дәстүрлі және неғүрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады. "Неке және отбасы туралы" Заңнын 46-бабына сәйкес бір бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бүл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некелі әйелден туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады. Бала неке бұзылган, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабы, 2-тармағы). Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді. Жаңа заң, сонымен бірге, баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді. "Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзгі де айғақтардың, негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрғаң адамдардан туылған жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады. ....