Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Судья


Кхирода ел ақтап жүріп, ақырында осы бір жігіттің құшағында сая тапқандай болып еді. Міне енді ол да мұны қаңғыртып жіберді.

Күн көру үшін тағы біреудің құшағына іздеуді қайтып ойлағысы да келмеді оның, жирене қарады. Жасы болса жер ортаға келіп те қалды.

Жастық шақтың дәурені өткеннен кейін де өмірдің бір тамаша кезеңі болады. Ол кезең — жарқын жүзді күздің шуақ күніндей тыныш та тұңғиық, тұнық бір кез. Осы тұсқа жеткенде өмір бағының бар жемісі толықсып пісіп, көкорай шалғыны ұзарып жетіледі. Жастықтың елең-алаңында албырттықпен шалыс басқан аяқ енді ерсі көрінетін болады. Бұл дүниеде жасарымызды жасап, шығар биігімізге шығып болғандай сезінеміз. Өмір жолында бастан кешкен жақсылық-жамандығымыз, қайғы-қуанышымыз біздің ақыл-ойымызды біржола суарып шыңдап болады. Біз енді көкжиекке қол создырған тәтті қиялдың соңына еріп, адасудан бой тартамыз да, өз шамамыздың тар шеңберінде ғана өмір сүруге мойынсұнамыз. Жарқ еткен жаңа махаббаттың жалынына ұрынудан гөрі, үйреншікті сыр мінез серігіміздің болғанын артық көре бастаймыз. Бұл кезде жастық шақтың уылжыған өңіне әжім түседі. Бірақ көңіл шіркін қартаймайды. Ұзақ жыл отасқан өмірден кейін көңіл күйінің көрінісі бет пішінімізден, көз жанарымыздан сезілетін болады. Адамның даусы да, күлкісі де, көзқарасы да оның ішкі табиғатымен үйлесе бастайды. Қол жетпесті арман етіп елегізу енді қалады, бізді тастап кеткендердің артынан қайғыру жоқ та, алдап кеткендерге кешірім көп болады. Қиыспасыңмен айырылысудың зарын тартып болып, алай-дүлей бұрқаған өмір дауылының бәрін басыңнан өткізген шақта қасыңда қалған адал дос өзіңді жақын тартып, сүйіспеншілік білдірсе, сен де соған бар махаббатыңды ұсынып, құлындай түсесің. Өмірдің осынау бір іңір қараңғысы шағында ежелгі сыр мінез, сенімді серігіміздің қасында болсақ, сонда ғана жанымыз жай тауып, рақатқа батады. Ал бұл кезеңде жаңадан үйір болар жан іздер күйге душар болсаң, құдайдың ұрғаны. Кештетіп келгеніңде тыным аларлықтай боп үйіңде шамың жағулы, төсегің салулы тұрмаса, сорыңның қайнағаны. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ер қанаты


Айнагүл бүгін балаларға жылқы жайлы сабақ өткен еді. Сабақ барысында Айнагүлдің аузынан, мағынасына орай, жылқы деген де атау айтылып жатты, ат деген де сөз шықты, Қамбар ата түлігі деген де сөз айтылды, тіпті жылқының жас ерекшелігіне байланысты айтылатын сөздер де аталмай қалмады. Оны былай қойғанда, Айнагүл жүйрікке байланысты айтылатын тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деген сөздерді де
ретіне қарай қолданып бақты.

Айнагүлдің бір мінезі сабақ беру барысында өзінің шәкірттерін тыңдағанды да жақсы көретін. Бұл жолы да солай етпек болды. Кенет сыныптың ортасынан Ернар деген бала қол көтерді. Ернар Айнагүлдің сүйікті шәкірттерінің бірі еді. Сондықтан ба өзін еркінірек ұстайтын. Кейде апайына аздап еркелеп қоятыны да бар. Ернар бұл жолы салмақты мінезбен орнынан тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

АНАНЫҢ РИЗАЛЫҒЫ

Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға:
– Анамның дұғасымен, – деп, басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді.
«Бір күні анам қатты ауырды. Мен қасынан бір елі ажырамадым. Түнде анамның аяқ жағында отырған едім. Әлден уақытта: «Ботам, су берші?» – деді. Тұра жүгірдім, бірақ үйде су бітіп қалған екен, екі өкпемді қолыма алып ауыл сыртындағы бұлаққа бардым. Суды алып келсем, анамның көзі ілініп кетіпті. Қолыма мұздай суды ұстап, шешемнің оянуын күтіп отырдым.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару (2-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы:Ауруханаға бару (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім / не туралы екенін түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді.
Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін толықтай түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ана тілі оқулығындағы мәтіндердің теориялық негіздерін зерттеу

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі жағдайында, жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесін қайта қарау мәселесін талап еткен еді. Қазіргі оқулық білім мазмұнын тасымалдаушысы, оқушылардың осы білім мазмұнын меңгеру процесін үйымдастырушысы ретінде мүғалімнің саралап оқытуды жүзеге асыруына, оқушылардың ақпараттар алу білігін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, білімін Iпрактикалық іс - әрекетке қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік беру, үилестіруші қызметш жүзеге асырып, оқушыны тиянақты білім мен қаруландырып, жүйелеушілік қызметін орындауы керек еді. Осы талапқа сай жазылған жаңа буын оқулықтарының бірі жалпы білім беретін мектептің 3 - сыныбына арналған Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатаеваның "Ана тілі" оқулығын зерттей отырып "Ана тілі оқулығындағы мәтіндердің теориялық негіздері" деген дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алдық. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту, жетілдіру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып саналады. жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан - жақты терең Аталған дидактиктер мен психологтардың пікірлері төрт жылдық бастауыш білімінің дәстүрлік мазмұны оқушылардың интеллектілік дамуын жасанды түрде тежеп отыр, шын мәнінде олардың танымдық мүмкіндігі анағұрлым жоғары деген қағидаға топталды. Сондықтан, білім мазмұнын өте жеңілдетіп жібермей, қиындата отырып оқыту керек деп дэлелденген. Психолог П.П. Блонский "Ақылсыз бас ойлай да алмайды, оның неғұрлым тәжірибесі мен білімі мол болса, солғұрлым ойлауға да қабілетті", - дейді. С.М. Языковтың пікірінше, дамыту-ол оқушылардың туа біткен қабілеттерін дамыту ғана емес, мүғалімнің алдына мақсат қойып жүйелі жүргізген жұмысының нәтижесі. Дамыту кезінде оқушыларды біліммен каруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жаназар батыр

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Шұбартау төлеңгіттерінің үлкен бөлігін, ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ: Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Дейіт, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған.
Осы төлеңгіт елі жайында қазақтың асылы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан да тарихи деректер жазып қалдырған. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 5-наурызда .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аналық жыныс безі

Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) — аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан .....
Рефераттар
Толық
0 0