Шығарма: Ана

АНА - осы бір үш әріптен тұратын сөзді естігенде әрбір адамның көз алдына мейірімді, қамқор баласы, отбасы үшін жан күйдіргіш, бір өзгеше қасиетке ие адам елестейді. Ана бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесік тербетеді. Бұл дегеніміз - әйел, үйде де қоғамда да өзіне жараса өз орындарын иелеп жұмыс жасауда деген сөз. Бұған дәлел әйел кісілерден шыққан қоғам қайраткерлері, спортшылар, кәсіпкер......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі

“Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасырлар.
Қартаймас қас батырлар, тұлғасы бар”
М. Рәш. “Батыр дастаны”
Соғыс!
Осы бір қара бұлттай қаралы да, суық сөздің астарында ұлан - ғайыр қасіретті мұң - қайғының азалы даусы естілетін тәрізді. Адамзат баласы көз ашқалы өзара жауласудан талай рет бейбіт өмірдің шырқы бұзылды. Жер беті сансыз адам қаны төгілген алапат соғыстардың куәсі болған. Ресми деректер бойынша 60 млн - ға жуық адам қаза болған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең алапат, ең сұрапыл соғыс болып, тарихқа енді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Ата ана қамқорынан қалған балалар психологиясы

Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы жасөспірімдердің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға мүмкіндіктер туғызуда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында дөрекілік күйдегі жасөспірімдер саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау қасиеттерімен сипаттайды. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азғындау және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға бейім болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын шиеленістіреді. Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар қарастырды. Ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету

Кіріспе
Елімізде экономикалық реформаларды іске асыру кезінде экономика мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысты күшейту қажеттігін туындап отыр.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік жүйеге бағытталып, әлеуметтік дамыту бірінші кезекте адам факторын есепке алу, адамның хал-ахуалын, денсеулық жақсарту жанұяға қамқорлық көрсету.
Осының бәрі мемлекеттің конституциясында бекітілген. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, құқықтық, мемлекет деп жариялайды. Оның жоғарғы құндылыққа жататын адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету экономикалық категорияның дәрежесіне көтерді. Бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының, нығайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттерді бейнелейді.Қазіргі кезде елімізде жеке адам әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар адамның құқықтың сақталуы халықтың аз табыс табылатын бөлігі-нақты қолдау көрсету денсаулық қорғау, білім беру,қылмыспен және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселелері іске асырылып отыр.
Нарыққа өту әлеуметтік құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің айырықша жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ол әрбір адамға өмір сүру деңгейді төмендеу мүмкіндіктерін әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0