Кітапхана сабақ жоспары: Ақпараттық оқу сауаттылығы

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық оқу сауаттылығы

Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық оқу сауаттылығы түсінігіне тоқталу. Танысу сәті «HELLO» әдісі, «Кітапты тап» ойыны. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Кітапты тап» ойынының тапсырмасы: Тақтаға кітаптардың мұқабасын іліп, оқушыларға сол кітапты кітапхана ішінен өздері тауып алып келу. Оқушылардың бойында оқу сауаттылығын даумыту.....
Кітапхана сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Анам

Менің анам бұл өмірде ерекше,
Күндей ашық сәуле төгіп жүреді.
Жүрегімді нұрға бөлеп әр күнде,
Боташым, деп еркелетіп тұрады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ақпараттық жүйе | Кітапхана

Курстық жобада қарастырылған деректер базасымен ақпараттық жүйелерді қолдану барған сайын қазіргі замандағы адамның іс-әрекеті ілгері жылжып келе жатқан ұйымның ажырамас құрамдас бөлігіне айналуда. Осы себептен тиісті технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді құру мен тиімді қолданудың принциптерін игеру ісі үлкен өзектілікке ие болуда. Ақпарат деп дәстүр бойынша адамдар ауызша, жазбаша не болмаса өзге әдіс арқылы беретін мәліметтер аталады. Ақпараттық жүйе (АЖ) ақпаратты алу мен жинақтауға, оны кез келген мақсатта тиімді пайдалануға арналған. Ақпаратты өңдеуден өткізу ісін жеңілдету мақсатында ақпараттық жүйелер (АЖ) қолданылады. Автоматтандырылған АЖ деп өздерінде техникалық құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын АЖ атайды. Қолданыстағы АЖ-дың көпшілігі автоматтадырылған болып табылады, сол себептен оларды қысқартып жай ғана АЖ деп атайтын боламыз.

Ақпараттық жүйелердің автоматтандырылуы есептеу техникасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат ЭЕМ жадында сақталатын деректер түрінде ұсынылады. Соған сәйкес, Ақпаратты жобалау кезінде бір жағынан, жүйеде қандай мәліметтер және қандай мақсатпен сақталып жататындығы туралы мәліметтер, ал екінші жағынан – тиісті деректер ЭЕМ-нің жадында қалайша ұйымдастырылып, АЖ пайдалану кезінде оларға қалайша қолдау көрсетіліп, және өңдеуден өткізіледі деген міселе шешіледі. Кеңірек түсінгенде АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеуден өткізудің кезкелген жүйесін түсінуге болады. Қолдану саласы бойынша өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтауда, ғылымда әскери істе, әлеуметтік салада және өзге салаларда қолданылтын жүйелерге бөлуге блады.
Білім беру саласы бойынша АЖ-лердің екі тобын айырады: ақпараттық іздестіру жүйелері мен деректерді өңдеуден өткізу жуйелері.
Ақпаратты іздестіру жүйелері, әдетте, қайсыбір іздеу жүйелерін қанағатандыратын, сақталатын мәліметтердің ішкі жиынын алуға бағытталған.
Пайдаланушылардың деректерді өңдеуден өткізу жүйелерін қолдануы көбінесеақпараттың жаңартылуын тудырады; ақпарат шығарылмауы мүмкін не болмаса ол мәліметтердің өздерін емес, сақталып жатқан мәліметтерді бағдарламалық өңдеуден өткізудің нәтижесі болып табылуы мүмкін. Деректерді өңдеуден өткізу мысалы ретінде қаланың жинақ банкісінің АЖ –сін алуға болады.

Ақпараттық жүйелерді фактографиялық пен құжаттық деп екіге бөлуге болады. Фактографиялық жүйелер заттық саланың объектілері жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Және әрбір объекті жөнінде, мысалы

қызметкер туралы мәліметтер жүйеге көптеген дерек көздер мен әртүрлі құжаттардан келіп түсуі мүмкін. ЭЕМ жадында осы мәліметтерді орналастырған кезде олар түрлендіріліп, жазблар түрінді сақталады.Құжаттық жүйеде сақтау объектісі болып құжаттар табылады, себебі сол құжаттар жинақталып өңдеуден өткізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер әлемінде Қожанасырдың тойға баруы (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Ертегілер әлемінде. Қожанасырдың тойға баруы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
1.2.4.1 фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, кейіпкерлерді суреттер арқылы танып, сипаттайды.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы кейіпкерлердің әрекетін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы мәтінді мазмұндайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ұл бала тәрбиелеуші аналарға 15 кеңес

«Ұл баланы тәрбиелеу оңай емес», - дейді білгендер. Бұдан қыз баланы тәрбиелеу оңай екен деп ойламаңыз. Себебі, ұл баланың өзіне тән қасиеттері бар.
Демек, ұл өсіріп отырған аналарға аса ыждағаттылық керек.

1. Адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз. Сырын бәріне емес, тек бір адамға айтсын. Сол адам – сізболыңыз. Сонда ұлыңызда адамдарға деген сенім қалыптасады, өз ойына терең бойлайды.

2. Қандай да бір іс болмасын, қолдаңыз. Ұл балаға ең қажетті байлық – өзіне деген сенімділік. Әзірше бұл сенімділікті сіз арқылы алады, сіздің назарыңыз ұлыңыз үшін маңызды.

3. Бірге кітап оқыңыз. Өзіңіз оқыған кітапты ұлыңыз да оқығанын қаласаңыз, қызығушылығын арттыруға тырысыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Анашым

Жан Анам. «Ана» үш әріптен құралған киелі сөз. Әр баланың өзінің анасы бар. Сол аналарды құрметтеп, сыйлауымыз керек. Анамыз түн ұйқысын төрт бөліп, біздерді әлпештеп өсіреді. Балам басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға бар тәттіні тосады. Біздің ойымызда осы......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау

Кіріспе
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0