Эссе: Қазақ тілі - ана тілім

Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:

Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.

Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады......
Эсселер
Толық
0 0

Әңгіме: Астана


Астанам – «Бас қалам»!

Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы.
Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.

«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Баспана түрлері (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Баспана түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы
на сілтеме) 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
11.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Буындап оқиды, сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөздерді еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қар қызыма

Қара жел қарғып тұрып үн қатады,
Ызғарымен кеудемді сыздатады..
Сағыныш, құлазыған мұң жанарың,
Неліктен жүрегімді мұздатады..

Көп кідірмей келемін алаңдама,
Мені жаным күтуге....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Заманауи өнердің даму тенденциялары 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4.2 Өнер – қоғам дамуының бейнесі
Сабақ тақырыбы: Заманауи өнердің даму тенденциялары 2-сабақ
Осы сабақ арқылы (оқулыққа сүйене отырып) жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.4.2.5 -бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау
Сабақ мақсаты: 1. ХХ ғасырда - XXI ғасырдың бірінші жартысында мәдени даму үдерісін қарастырайық
2. Бағдарламада қарастырылған жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0