Бойжеткен пияздың көмегімен коронавирустан қорғанған анасын "жұлдыз" қылды.

Тэмми Осени коронавирустан пияздың көмегімен қорғанып жүрген анасын фотоға түсіріп, желіге салған. Әйел адамның іс-әрекетін күлкіге айналдырмақ болған ару кенеттен оны танымал етіп жіберген деп хабарлайды nur.kz life.ru сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (3)

Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда-санда бір қозғаған.
Поезд

Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.
Поезд
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Тақпақ: Ана

Анам менің бесігім,

Тұла бойы кешірім.

Анам аман тұрғанда,

Қарыздармын өзіңе.

Қарағанда көзіме

Зейін салам сөзіңе.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Диалектология | Жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер

Қазіргі қазақ жастарының арасында қолданыста пайда болған жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер
Копировать ету – көшірмесін жасау
Печатьтау – басып шығару
Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану
Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану
Документ ашу – құжатты ашу
Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу
Ярлыкты жою – таңбашаны жою
Сохранить ету – сақтау
Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу
Назадты басу – кері қайту
Вставитьті басу – кірістіру
Компьютерлік терминдер .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Әңгіме: Ана тілі туралы тақпақтар мен өлеңдер

Ана тілі

Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,
Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.
Сонау жылы тіл мәртебе алғанда
Көзіме жас алдым дейтін бір адам.

Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,
Ана тілі - перзенті үшін тұнық-ты.
Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі
Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.

Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,
Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.
Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,
Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда.

Қуанышыңды өз перзентің бірге ұқты,
Жақсы күнді қызың тосып, ұл күтті.
Сонда тілім өрледі деп қуанды,
Содан бері ширек ғасыр сырғыпты.

Ширек ғасыр - өтсе уақыт бедері,
Жүзеге асты кейбір іс те келелі.
Мына әлемде өзің барсың, ана тіл,
Сен бар жерде ұлтың да аман келеді.

Ғабиден Қожахмет .....
Әңгімелер
Толық
0 0