Сен алғаш маған ана деп сөйлеуді үйреттің, Мейірімді жүрегіңмен. Сен маған тәй-тәй басып жүруді үйреттің, Болашаққа бағыт беріп. Сен маған күлуді үйреттің, Қуанышқа бөлеп мені. Сен маған жамандықтан....
Астана қаласында көп бейінді «Әбу Даби Плаза» кешені өртенді.
Ішкі істер министрлігі ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, өрт туралы хабар кезекші бөлімге сағат 04:40-та түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.
КІРІСПЕ Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, “Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың”. Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi, бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз. Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба? Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта “көше” керi керi әсер етедi деп санайды және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды. Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына көмектеспейдi. Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi. Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп, оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды. Ата-аналар баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-аналарының тұлғасы кез-келген адам өмiрiнде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, өмiрлiк тәжiрибеден алып қарасақ қиын сәттерде бiздiң ата-аналарымызбен, әсiресе анамызбен сөйлесуiмiз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-ана қатынасын бейiмдейтiн сезiмдер – бұл басқа эмоциялық байланыстардан күштi ерекше сезiмдер. Ата-ананың махабатына деген қажеттiлiк – жас өспiрiмге шындығында керектi өмiрлiк қажеттiлiк. Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды. Ата-ана махабаты – адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.....
Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сана және өзіндік сана процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау. Сана және өзіндік сана процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу Сана және өзіндік сана процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда сана және өзіндік сананың даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның сана және өзіндік сананың дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады. Жалпы айтқанда бұл сана және өзіндік сананы зерттеудің мәні балның сананың дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру. Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген. Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады. Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына септігін тигізбек. Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. ....