Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды
Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.
Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.
Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.
Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.
Қазақша фильм: Қара шаңырақ телехикаясы (52 бөлім)
Расписание и таблица времени поста в Рамадан (рамазан, ураза, ораза) для всех городов России 2018 года
Қазақша фильм: Қара шаңырақ телехикаясы (43 бөлім)
Елімізде қияр мен қызанақ арзандады
Шығарма: Ата–анама хат
Тақпақ: Анама
Анадан артық жақының бар ма жаһанда
Ақ сүтін татып көрмеген сірә сезбейді
Уыздың дәмін алмаған қалар арманда
Арманда қалма, анаңды сыйла қарағым.....