Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады: 1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқып- тылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру. 2. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Кітапхана Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау Сабақтың мақсаттары: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру....
Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева анасының туған күніне орай аса әсерлі жазба жариялап, жоқшылық көрген кезін есіне алды. Әншінің анасы отбасын асырау үшін әр баласын босанғаннан кейін, үш айдан соң бірден жұмысқа шығып жүрген деп жазады NUR.KZ.
Меруерт Түсіпбаева Instagram оқырмандарына барынша ашылып, басынан өткен қиын кезеңдер туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі ақша жоқта бала-шағасының қамы үшін шапқылап еңбектенген анасының ерлігі туралы айтып берді. .....
Отандық көлікті тізгіндеуге отанымыз көмектесе ме? Жуырда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау отандық көліктерді сатып алуға мемлекет демеу қаржы қарастыратыны туралы айтып қалды.
Яғни, тұтынушыға түсетін несие салмағы қазына есебінен жабылуы мүмкін. Бұл идея қазақстандық авто-бизнес қауымдастығына жағып отыр. Ал тиімділігі бойынша сарапшылардың пікірі әртүрлі.
Қазақстандағы машина жасау саласы өкілдерімен кездесуде айтылған ұсынысқа қатысты сарапшылар мен автоөндіріс мәселесімен шұғылданушы мамандардың пікірлері әрқилы. Бастама мақсаты айқын біріншіден, отандық автоөндіріске серпін беру, екіншіден ішкі өнімнің халыққа қол жетімді болуына жол ашу. Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары қазақстандық автоөндірістің сауда көлемі едәуір жақсарған.
"Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сатылған отандық автокөліктер саны 84836-ға жетті. Яғни былтырғы жылдан 74 пайызға жоғары.....
Қарақат Әбілдина үйлену оңай, үй болу қиын екенін меңзей отырып, жастарды мұндай қадамға бармас бұрын саналы шешім екеніне көз жеткізіп алуға шақырады.
Жаңалықтар | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Айнұр Тұрсынбаева айтысқа алғаш келген сәтінен бастап үлкен сахнаға келген қадамдары жайлы айтты. 3-сынып оқып жүргенінде суырып салма ақындық қасиеті барын байқаған мұғалімі оны айтысқа баулыған. Осыдан бастап айтыс әлеміне келген екен.
Бұл туралы айтыскер ақын Тұрсынбек Қабатовпен тікелей эфир кезінде болған әңгімесіне айтты.
Семей өңірінің тумасы Айнұр Тұрсынбаева мұғалімнің тапсырмасымен ең алғаш Ленинге арнап өлең жазған. Оқушының бойында ақындық қасиеті барын байқаған ұстазы оны айтысқа жетелейді.....
Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов бүгін әлеуметтік желілерде жарылыс жасады. Алдағы уақытта көбеймек баспана салығының нақты сомасын ол өзінің "твиттер" парақшасына жариялап жіберді.
Фото: news.mail.ru
Оған көз жүгіртсек, пәтер салығы бір екі емес, жүз пайыздап көтерілмек.
Астана мен Алматы және облыс орталықтарындағы баспанаға қатысты көбеймек салықтың салмағын Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев осыған дейін шенеуніктік тілмен жалпылама түсіндіріп келген еді. Қаржы вице-министрі бүгін өспек пайыздарға нақты тіл бітірді.
Мәселен, үкіметтің есебінше 45 шаршы метрлік пәтері барлар 1805 теңге салық төлеп келсе, енді 5827 теңгеге шығындалмақ. Яғни, олар үшін салық 323 пайызға өспек. Ал, 80 шаршы метрлік үйдің иесі қазіргі 4 708 теңгенің орнына 18 433 теңге төлемек. Бұл 392 пайыз. Ал, 151 шаршы....