Құтықтау тілектер топтамасы ? туған күнге арналған жылы сөздер

Мына өмірдің тек жақсылығын көріп, бақытын сезіне білген адам ғана өмірде шынайы бақытты болады. Бәріміз өмірге келгеніміз үшін бақыттымыз. Жарық дүниеге келудің өзі зор мүмкіндік. Олай болса бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді аямайық.

Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
3 3

Ораза кестесі 2021 жыл. Ауыз бекіту (сәресі), Ауызашар дұғасы. Қадір түні қашан?

Қазақстан қалалары үшін 2020 жылға арналған ораза кестесін ұсынады. Алматы, Нұр-Сұлтан (Астана), Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Шымкент қалаларына арналған намаз кестесі, ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытын біле жүріңіз.
KZ
Толық
0 0

 ? Анама туған күнге арналған құттықтау тілектер (анаға, мама, анашым)

  Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық...... 

Өлеңдер | Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
57 -31

Өлең: Қазақ тілі, ана тілі, туған тіл


Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген .....
Өлеңдер
Толық
539,5 -297,5

? Әкеме туған күнге арналған құттықтау тілектер (папа)

 Құтты болсын қуанышты күніңіз,  
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
114 -62

Құттықтау - тілек: Жаңа жыл құтты болсын

Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!

Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Барша қазақстандықтарды жаңа жылдарымен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
111,5 -58,5