Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 наурыз – Алғыс айту күні

Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ноутбук,
Технология: «Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар
Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Аспаздық»
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қәне амандасып алайықшы.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектеп бітірушілерге, түлектерге арналған тілектер топтамасы

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Шығарма: Сіздерге алғысымз шексіз, ардагерлер!

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытпақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Соғыс атты суық сөздің сызды ызғары жұректерге жүк түсірген ауыр оқиға. Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қарғыс атқыр соғыстың кесірінен мезгілсіз кеткен жақын жандарға деген талмаусыраған аянышты сезім бар көңілде. Әрқайсысының сүре алмай кеткен өмірлері, көре алмай кеткен қызықтары, армандары бәрі де алыстап кеткен. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинода бізге атабабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы жайында,халқымыздың жауды жеңген ерлігі туралы әлі де талай-талай ұрпақтар аңыз етіп айтатын болар.Бұл қасіретті сұм соғысты ұмыту мүлдем мүмкін емес.Бірақ сол қасіретті күндердегі болған жайғдайлардың барлығы да қаз-қалпында, жүректегі соғыс салған жараның орны сияқты үңірейіп әлі тұр. Ұлы Отан соғысының жеңісіне бүгінде жетпіс бір жыл толуда.Иә,адам баласының тарихына белес болып енген тарихи жеңіс оңайға түскен жоқ.Расында да мұның бәрін ұмыту мүмкін емес......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шексіз алғыс ардагерлерге

Адамдар! Ақтық демдерің біткенше есте сақтаңдар!
Бақыттың қандай бағамен келгені естеріңде болсын!
Р.Рождественский.
1941 жылдың 22 маусымы тамаша күн болып еді. Соғыс басталды деген қорқынышты жаңалықты естіген кезде адамдар өздерінің күнделікті істерімен айналысып жүрген. Осыған дейін Еуропаны жаулап алған фашистік Германия сол күні біздің Отанымызға тап берді. Біздің жауды жеңе алатынымызға ешкім күманданған жоқ. Патриоттығымыз бен батырлығымыздың арқасында біздің халқымыз осы жаман уақытты басынан өткере алды. Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары аралығында еліміз миллиондаған адамдардан айырылды. Олар жеріміз бен билігіміз үшін аяусыз айқастарда құрбан болды. Болып жатқан жағдайларға осы адамдардың бір де бірі кінәлі емес болатын. Олар жай ғана өздерінің елін қорғады. Бұл әрқайсысы үшін қиын уақыт болды.
1942 жылдың күзі немістер қазіргі Санкт-Петербург қаласы – Ленинградқа дейін жетті. Қаланы қоршауға алу үш жылға жуық уақытқа созылды. Сол уақыттың ішінде адамдар суықты да, аштықты да, ашынуды да бастарынан кешірді. Тірі қалу үшін иттер мен мысықтарды жеді. Дегенмен, қала жауға қарсы төтеп бере алды, ұнжырғасы түске жоқ, ал адамдар қатал қанішерге айналған жоқ. Олар өз Отанына адал болуды жалғастыра берді. Әкемнің атасы, менің арғы атам өзінің алған жарақатының тарихын айтып берген. Бұл тарих біздің отбасымызда ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.
Қырық жылымда талай астым қырқадан,
Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған,
Күрестер мен жеңістерден өткіздің
Естіді әлем дауысымды ән шырқаған.
Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді,
Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді,
Даңқы кетті көтеріліп аспанға
Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.....
Өлеңдер
Толық
0 0