Тақырыбы: 1 Қыркүйек – Білім күні (Мен оқушы атандым!)
Мақсаты:Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру. Көрнекілігі: Әріптер жазылған гүлдер, тақтаға ілінген сөздер:«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір - шырағы», «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Мектебің мынау - класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай болып шығасың!». Сынып іші шарлармен, гүлдермен безендірілген.
Мұғалім: - Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім. Қадамдарыңа гүл бітсін. Білім әлеміне қош келдіңіздер. Айқара ашқан есігін Қайнары білім нұрының Мектебің алтын бесігің Жылы ұяң, міне сыныбың........
Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету. Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер. Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.
Барысы: І. Кіріспе бөлім. Мемлекеттік әнұранды орындау. Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді)......